1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №82 (15956) 16 қазан, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
16 қазан 2014
Ауыл әзiлдерi

“АКЦИЯ”

Төлеу “Аудиiн” тiзгiн­деп, “халыққа қызмет ету үшiн” адам тасымалдап жүредi. Бiрде Шу қаласы базарының маңынан масаңдау екi жiгiт тоқтатып: “70 теңгемiз ғана қалыпты, автобекетке дейiн жеткiзiп салыңызшы” деп жалынады. Ақкөңiл Төкең әлгiлердi көлiгiне отырғызып, автобекетке жақындағанда бiр бойжеткен қол көтерiп, “40 теңгем ғана бар, Төле би ауылына ала кетесiз бе?” дейдi. Автобекет пен Төле би ауылының ортасы бiраз жер болса керек. Төлеу ойланбастан: “Қарындас, менiң бүгiн “акция” өткiзiп, арзанға адам тасымалдап жатқанымды бiлгенсiз-ау, шамасы. Отырыңыз” дейдi. “Ұялған тек тұрмас” демекшi, екi жiгiт сол мезетте кешi­рiм сұрап, көлiктен түсiп қалыпты.
 
ТIЗIМДЕ БАР МА ЕДIҢ...
Балуан Шолақ ауылының азаматы Төлеу Төкен­ұлы жора-жолдастары мен ауылдастарының ортасында өзiнiң өткiр қалжыңдарымен төңiрегiндегiлердi күлкiге көмiп, көңiл­дерiн көтерiп жүредi.
Тө­кең көнелеу “Аудиiмен” адам тасымалдап, отбасына күнделiктi қажеттi азық-түлiктi алып қайтуды да ұмытпайтын. Бiрде Шу қаласының көк базарында бiр сыған баласы қайта-қайта ақша сұрап, оның мазасын ала берiптi. Асып-сасатын Төлеу ме: “Сенiң атың кiм едi? Әйелiм Бота жазып берген тiзiмде (азық-түлiктiң) бар ма екенсiң, айта қойшы” – деп, қағазына бiр, сыған балаға бiр қарап, жаныңда тұрғандарды қыран-топан күлдiрiптi. Ұялғанынан сұрамсақ жүгермек дереу тайып тұрыпты.
 
Мәкен Уақтегi, Төле би ауылы, Шу ауданы, Жамбыл облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті