1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №78 (15952) 2 қазан, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
2 қазан 2014
Иесiн ақтық сапарға шығарып салған тұлпар

Әбдiлда Мырзекенұлы, ҚР Бiлiм беру iсiнiң үздiгi, Алматы облысы.

1983 жылдың күзiнде әкем кенеттен қайтыс болды. Жалаулы ауылының төменгi жағындағы ата-бабасының сүйегi жатқан қо­рым­ға жерлейтiн болып, табытты көлiкке тиеп жолға шықтық. Жолдан алыстау жатқан бiр топ жылқының iшiнен әкем баптап бәйгеге қосып жүрген Көктұйғын атты көк аты орнынан тұрып кiсiнеп, мәйiт тиелген көлiкке қарай шапты. Артынан барлық жылқылар iлесiп мәйiт салынған көлiкпен қатарласа кiсiнеп ша­уып отырды. Қорымға жете бергенде көлiктiң алдын кесiп өтiп, дөңге шығып, жерлеп бiткенше қарап тұрды.   

Әкем Мырзакен Ахметұлы 1930 жылы 14 жасында бабасы Қалыбек батырдың “қаракөк тұлпарының тұқымын сақтап қаламын, ортаға өткiзбеймiн” деп, көк құнанын жайдақ мiнiп, милициялардың атқанына қарамай қашып құтылып, сол кеткенiнен Қытайға өтiп кетедi. Ол жақта атақты бапкер әкесi Ахметтiң қасында жүрiп, ат баптаудың қыр-сырын үйренедi. Көк құнанды айғыр қойып, қаракөк тұлпарлардың тұқымын жалғастырады. Жүйрiк болады деген аттарды күтiмге алып, бәйгеге қосып жүлде алып жүрдi. 1959 жылы қазан айының басында ҚХР-ның онжылдық мерекесiне орай Құлжа қаласында өтетiн аламан бәйгеге ат даярлау тапсырылады әкеме. Мырзекен бүкiл ауданды аралап жүрiп, үш ат әкелiп баптады. Бұл бәйгеге қосқан аттары олжалы оралды. Осылай облыста, ауданда өтетiн бәйгелерде аттары әрдайым
Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті