1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №78 (15952) 2 қазан, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
2 қазан 2014
Жүрек ауырту

(новелла)

Оқырман шығармашылығынан
Асылмұраттың ағасы машина алған жақында ғана. Әкесi несиеге әпердi. Әкесi – күзетшi, шешесi – мұғалiм. Асылмұрат –мектептi бiтiргелi жүрген жеткiншек. Үйдiң кенжесi де, тұңғышы да емес: аға-әпкесi, iнiсi бар. Бұрын ағасына алған компьютердi әлi қолданып келедi. Тышқаны әзер қозғалып, экраны сiресе беретiн компьютер шаршап бiткен, оның үстiне ойындарды көтермейдi. Ендi Асылмұрат әкесiне: “компьютер әпер” деп, құлағына тыным бермей жүр. Өйткенi екi ай бұрын ағасына көлiк әпердi емес пе?! Балалық қой iштей есептесiп отыр.
– Маған ештеңе әпермейсiңдер, – деп қосып қояды ол. Әкесi момақан кiсi, ұрыспайтын, артық сөзi жоқ, мақұлдың адамы. Өзi жаяу жүрсе де, баласына темiртұлпар мiнгiзген әке ғой.
– Әперейiн, балам.
Осы сөзден шап етiп ұстап, Асылмұрат әкесiн ертiп, техникалар үйiне барды. Өзiне компьютер таңдап, мәз-мәйрам. Ақыры, әкесi екеуi несие бөлiмшелерiне келдi. Компьютер алмақшы болғанын, екi ай бұрын ғана несие жасатқанын, үйдiң ортақ табысын, телефон нөмiрлердi айтып бiршама уақыт өткiздi. Банк “бас тарты”. Несие берiлмейдi, себебiн айтпайды.
– Машинаның несиесiне бола бермей тұр ғой бұлар, – дедi әкесi үйге келе жатып. Жерден ақша iздеп жүргендей, басын төмен салған қалпы.
– Мен бiрдеңе алайын дегенде... – деп қырсығып келедi баласы.
– Болмай жатыр ғой ендi...
Асылмұрат әдейi күрсiндi. Өкпелеген түрi.
– Әперем ғой, әперем, – дедi әкесi екi иығын салбыратып. – Әлгi Қайратқа звондаймын. Танисың ғой, иә, Қайрат ағаңды?
 Көңiлсiз Асылмұрат басын изеген болды.
– Сол, Қайраттың қарындасы банкте iстейдi екен ғой. Соған айтайын. Көмектеседi ол.
Әкесi көп сөйлеп кеттi. “Әперетiнiне” сендiргiсi келе ме, ақталғаны ма, жұбатқаны ма... Бәрiбiр – көп сөз.
– Әперем ғой... Әперем.
“Әперем” дегенiн алып бере алмағаны үшiн әкесiнiң кешiрiм сұрағаны деп ұқты. Несиенiң бұйыртпағанына әкесi кiнәлi емес қой. Ол үшiн жүрегiн ауырт­пайыншы деп ойлады Асылмұрат.
             Жарайды, әке, несиеден құтылған соң әпересiң, иә?!
             Әперем, балам, әперем...
Әлiшер РАХАТ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті