1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №78 (15952) 2 қазан, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
2 қазан 2014
Бесiктен айырылсақ...

Осы күнге дейiн бәрiмiздiң де аман-сау, сырқаттанбай, ел азаматы болып өсуiмiзге се­бепшi болған анамыз болса, анамыздың қолданған құралдарының бiрi – бесiк. Халық арасында жиi айтылатын “Ел iшi – алтын бесiк” деген сөз де бесiктiң құдiретiн көрсетсе керек. Жаңа туған баланы бесiкке салу да халқымыз үшiн елеулi дәстүрдiң бiрi. Бесiктi Орталық Азия  мен  Кавказ,  Үндiстан,  Қытай  жерiн мекендейтiн халықтардың басым көпшiлiгi пайдаланады. Тек жасалу үлгiсi әртүрлi. Бесiк көш­пелi өмiр кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған. Қазақ бесiктi  қарағай, қайыңнан, көбiне талдан иiп жасайды. Мұндай бесiк жеңiл, ықшам әрi берiк, көшiп-қонуға ыңғайлы болады. Бесiк баланың тазалығына өте қолайлы, өйткенi арнайы орнатылатын түбек пен шүмек бала дәретiн жайылдырмайды. Түбектiң түбiне күл салып, жиi-жиi ауыстырып отыра­ды.  Шүмектi қойдың асық жi­лiгiнен жасайды, кейде айрықша аппақ болуы үшiн сүтке қайнатып алады. Бесiктегi баланың аяғы, кеудесi қатты байланатындықтан, оның қан айналу жүйесiне керiсiнше әсер етедi. Сондықтан баланы бесiктен жиi босатып, қол-аяғын қозғап, арнайы жаттығулар жасайды. Бесiкпен қоса  құс төсек,  жастық,  жөр­гек,  қолбау,  тiзебау,  тiзе жастық, бесiк көрпе даярланады. Бесiктiң жер бесiк, аспалы бе­сiк (әлпеншек) деген екi түрi кездеседi. Қазақта бесiк қа­сиеттi, киелi құтты мүлiк болып есептеледi.

Менiң ойымша,

Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті