1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №81 (15435) 8 қазан, бейсенбі 2009
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
8 қазан 2009
Хатқоржын

Бiздiң Меркi ауданында 95 пайыз қазақ тұрады. Ал қалған 5 пайыз өзге ұлт өкiлдерiне “қазақ тiлiн үйрете­мiз” деп тiл басқармасы кабинеттер ашып, оны жабдықтауға қыруар ақша бөлдi.Рудныйда 70 пайыз орыстар тұрады. Мұны мен Қостанай облысы, Рудный қаласында болғанда естiдiм. Тiл үйрену үшiн үкiмет оларға неге қаржы бөлмейдi? Бұл не сонда, салғырттық па, әлде бойкүйездiк пе? Түзел Тапалов, Меркi ауылы, Жамбыл облысы.

***
Заңға, Конституцияға қосымша “Республика көлемiнде мемлекеттiк тiлдi бiлмейтiн, таза сөйлей алмайтын азаматтарды басшы, жауапты жұмыстарға, депутаттыққа, заң орындарына, байланыс-сауда орындарына, жергiлiктi халықпен тығыз байланыс жасайтын қызметтерге жұмысқа қабылдауға болмайды” деп үкiмет қаулы қабылдауы керек. Ж.Шаяхметов атамызды қазiр қанша жерден кiнәласақ та, ол кезiнде Сталинге ұлттық кадрлар дайындау керектiгiн дәлелдеп берген жоқ па едi?!
Зейнолла Деменұлы,
Махамбет ауылы,
Атырау облысы.
 
***
Қалаға жұмыс iздеп барып едiм, сандалып ауылға қайта келдiм. Онда сағынып күтiп отырған әке-шешең, бауырларың болмаған соң қиын екен. Кешке дейiн ашқұрсақ жүрген күндерiм де болды. Көшеде нанын, сүтiн көтерiп келе жатқан үлкен кiсiлердi көргенiмде... өзiмнiң жастығымды зейнетақы алып отырған атайлар мен апайлардың қарттығына айырбастағым-ақ келдi...
Марат Қойғарин,
Жездi ауданы,
Қарағанды облысы.
 
***
...8 ұлым, 3 қызым бар. Ал өзiмнiң жасым 84-те. Кемпiрiм баяғыда қайтыс бол­ған. Балаларымнан әлдеқашан күде­рiмдi үзгенмiн. “Жалғыздық Құдайға ғана жарасқ­ан” дейдi халқымыз. Кемпiрiм қайтыс болғаннан кейiн баласы бар бiр әйелге үйлендiм де. Өзiмнiң “тележкаларым” (балаларым) менi қарық қылмап едi, бiреудiң “тележкасы” менi қарық қылады деймiсiз?! Ажырасып кеттiм. Қазiр жал­ғыз тұрамын.
Әйтiм аталарың,
Қаратау қаласы,
Жамбыл облысы.
 
Оқырман хаттарын екшеген –  
Сәлима Ысқақова, Тел: 230 60 92, 230 04 20.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті