1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №74 (15948) 18 қыркүйек, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
18 қыркүйек 2014
Қу құлқынның қамы үшiн...

(Әзiл әңгiме)

Сiздердi қайдам, бiздiң ауылда соңғы кездерi рахат өмiр болып тұр, шiркiн! Түске дейiн өңшең қолы бос жандар ескi клубқа топырлап жиналамыз. Содан елу шақты адамға санымыз жеткенде, ауыл әкiмi Жағалақ мырза тамағын бiр кенеп алады да сахнаға шығады.

– Аса мәртебелi ханымдар мен мырзалар! – деп бастайды шiңкiлдеген жiңiшке даусын барынша қаттырақ шығаруға тырысып (келген қонақтарға дұшпан көз қылып тұр да, болмаса қара халық әкiм үшiн қашан “аса мәртебелi” бола қалып едi...), – Бүгiн бiздiң ауылымызға сонау Алматыдан сiздердiң жағдайларыңызды бiлу үшiн әдейi арнап жеке кәсiпкер Желбiр Жекен мырза мен “Зырылдақ” базарының бастығы Тамақсау Көксоққанов мырза келiп отыр. Бұл мырзалардың алтын уақыттарын бөлiп келiп отырған мақсаттары – осы өңiрден депутат болып сайлану. Жүрегi пәк, сезiмi таза жер­лестерiм менiң! Қанша дегенмен қаны бiр, қарға тамырлы қазақ емеспiз бе? Бiле бiлсеңдер, бұл екеуiнiң бiзге онша алыстығы жоқ, бiрi елге туған жиен болып келсе, екiншiсi нағашы... Сондықтан да, бұған үрке қарамауларыңызды өтiнемiн. Алматыдан арнайы келген меймандарымыздың жерiмiзге кiндiк қандары тамбаса да, оның болашағы үшiн аянбай атсалысам деген талпыныстары өте керемет. Бұған бiз қуана бiлуiмiз керек, ағайын! Мәселен, жеке кәсiпкер Желбiр Жекен мырза ауылға диiрмен соғып, су құбырын тартамын деп отырса, Тамақсау ба­уырымыз 500 орындық “Құда табақ” тойханасын тұрғызамын деп құлшынып жүр. Мұнан бөлек, “Алматы – Мақталы” маршруты бойынша қатынайтын шағын

Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті