1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №74 (15948) 18 қыркүйек, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
18 қыркүйек 2014
Ауылға барып, жүрегiм ауырып қайтты

Жақында туған жерiме барып қайттым. Ол жақта өз үйiм, өлең төсегiм болмаса да, алыс-жақын туыс бар. Талай жыл бұрын қайтыс болған әке-шешем, бауырларымның басына барып, Құран оқып, құдайы тамақ бердiм. “Туыстар бар ғой, әрқайсысының үйiне барып, бiр-бiр күн қонып, аунап-қунап жатамын” деп кеткенмiн.

Арғы-бергi жолды есептемегенде, бес күннен кейiн үйге оралдым. Баяғыда, мен ауылда жүргенде алыстан арбалатып қонақ келсе, қай үй болмасын дастарқанын жайып, барын салып, қондырып жiбе­ретiн.
Қазiр халықтың тұрмысы нашар екен. Ата-аналарының, балаларының киiмi жұпыны. Iшетiн тамақтары да мәз емес. Бiр үйде ет бар, ендi бi­рiнде жоқ. Әсiресе, бала-шағасы бар үйде. Соны көре отырып, қалай аунап-қунап жатпақпын? Қайтар сәтте нағашымның 4 жастағы шөбересi “Әже, кетпешi...” деп жылады. Маған бауыр басып қалыпты. Барған күннен қасыма алып жүрдiм. Бар дәмдiнi, тәттiнi соның аузына тостым. Жас болсам, өзiммен алып кетер едiм. Бiрде ауру, бiрде сау, жасым болса 70-те, қалай алып кетемiн? Бiрақ, болашақта олардың жағдайы қалай болар екен?..
Иә, ауылға барып, сағынышым су сепкендей басылып, жүрегiм ауырып қайтты.
Бибатша Жұматова,
Астана.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті