1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №81 (15435) 8 қазан, бейсенбі 2009
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
8 қазан 2009
80 жылдық тарихы бар колледждiң жағдайы күрт нашарлап кеттi

Осыдан екi жылдай бұ­рын И.Әбдiкәрiм атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжiне директор болып Мәжит Өтемұратов тағайындалған едi. 80 жыл­дық тарихы бар кол­ледж­дiң жағдайы осы кiсi келi­сiмен күрт өзгерiп сала бердi.

Алдымен, директорымыз өзiнiң оқу iсi жөнiндегi орынбасары Шара Досжанованы себепсiз орнынан алып, ауылшаруашылық бөлiмшесiне меңгерушi қылып тағайындады да, артынша ол жұмыстан да босатып, оқытушылыққа ауыс­тырды.
Политехникалық бөлiм­ше­де меңгерушi болып Бақыт Сәрсенбаев жұмыс iс­теп жүрген. Ол кiсiнi де ауыстырып, орнына Мәулен Баешевты тағайындады. Екi айдан кейiн оны да жұмыстан шығарып жiбердi. Сөй­тiп, бұл бөлiмшеде бiр жылдың iшiнде 4 адам ауысты. Мәжит Жәмитұлы директор болып келгеннен берi ауыл шаруашылық бөлiмшесiнде 3 адам ауысты (Ш.Досжанова, Б.Оразалиев, Е.Әлiбаев). Кадр мәселесiне байланысты iстеп жатқан тiрлiктерiн түсiне алмай-ақ қойдық. Директордың оқу iсi жөнiн­дегi орынбасары Шара Досжанованы қызметiнен бо­сатқ­аннан кейiн, орнына Қажденбек Бекмановты тағайындады, 7-8 айдан кейiн оны да қызметiнен босатып, орнына Ермұхан Бауыржанды тағайындады. Ең қызығы, тағы да 6-7 айдан кейiн осы орынға қайтадан Қажденбек Бекмановты қойды. Мұндай ауыс-түйiс, әрине, оқу-әдiстемелiк және тәрбиелiк жұмысқа керi әсерiн тигiзетiнi сөзсiз.
Ұжымда 200-ден астам оқытушы мен 100-ге тарта техникалық қызметкерлер және лаборанттар iстесе, соның 100-ден астамын 1 жыл iшiнде түрлi дәлелдi-дәлесiз себептерге байланысты жұмыстан босатып жiбердi. Осыған шыдамаған қызметкерлер облыс әкiмiне “домалақ” арыз жазып жiберген (бiздiң қоян жүрек екенiмiз белгiлi ғой), “қуырдақтың көкесiн түйе сой­ған­да көресiң” демекшi, сыбағамызды содан кейiн алдық. Сәл беделi бар, тәжiрибелi, адал оқытушыларға “арызды сендер жаз­ғансыңдар” деп қоқан-лоқ­қы көрсеттi. Сондағы айтатыны, “Менiң iнiм прези­дент­тiң адамы, маған ештеңе iстей алмайсыздар”. Әрине, бiз Болат Өтемұратовтың беделiне, жасап жүрген қайырымдылық iстерiне күмән келтiре алмаймыз, бiрақ ол кiсiнiң беделiн сатып, “маған ештеңе iстей алмайсыңдар” дегенiне түбе­гей­лi қарсымыз.
Тәжiрибелi оқытушылар зейнет жасына келсе болды, ертеңiне өз құқын пайдалана отырып, оларды жұмыстан шығарып жiбередi. Әрине, бұл заң шеңберiнде екенiн бiлемiз, бiрақ неге осы заң оның өзiне қатысы жоқ екенiне аң-таңбыз. Мәжит Жәмитұлы қазiргi таңда 63 жастан асты, зейнетақысын алып жүр. Бұ­рын­ғы облыс басшысы М.А.Құл-Мұхаммед бiздiң колледжге жаңа “Тойота Камри” көлiгiн сыйлаған, ал басшымыз мiнiп жүрген бұрынғы “Мерседес-230” көлiгiн колледж кеңесiнде “оқушылар тәжiрибе өту үшiн (“Автомобиль көлiгiн жөндеу және пайдалану” мамандығы бойынша) керек” деп директорымыз кеңес мүшелерiне түсiндiрген болатын. Қазiргi таңда сол “Мерседес-230” көлiгi оқушылар­ға бұйырмай-ақ қойды. Ол көлiктi өзiнiң шаруашылық жөнiндегi орынбасары, ең “сенiмдi” адамының бiрi Меңлiбек Нұрылдаев арнайы жүргiзушiсiмен бiрге пайдаланып жүр.
Президент Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев: “Iсте­ген қызметiне, лауазымына, беделiне қарамаңдар, кiм болса ол болсын, жем­қор­лық жасаса, даңғазалық көрсетсе, әпербақан болса олармен аянбай күрес жүргiзу керек”, – деген. Ал бiздiң колледжде iс басқаша болып тұр.
М.КӘРIМОВ,ҚР Бiлiм беру iсiнiң үздiгi,
Ш.Досжанова,  жоғарғы санатты оқытушы,
С.Әлiмбаев,1-санатты оқытушы.
Қызылорда қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті