1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (15939) 21 тамыз, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
21 тамыз 2014
Атаңның асы емес

Елде iшiмдiк iшу тыйылмай келедi. Дабыл қағатын мезгiл әбден жеттi. Үкiмет болса бұған жеңiл-желпi қарайды. Өйткенi бұл мәселенi шешуге олардың құлқы жоқ. Жақында президент “Этил спиртi және iшiмдiк өнiмiнiң өндiрiсi мен айналымы бойынша Қазақстан Республикасындағы кейбiр заң шығару актiлерiне мемлекеттiк реттеу тұрғысынан өзгертулер мен қосымшалар енгiзу туралы” заңға қол қойды. Оны жасаушылардың айтуынша, заң елдiң экономикалық мүддесi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғауға бағытталған. Бiр жағынан бұл заң қажеттiлiктен туғаны рас, жындысуды iшу ел iшiнде азаймай отыр, ал екiншi жағынан сол заң азаматтардың құқын бұзбай ма? Кәмелетке толған, есi бар жан қай жерде, кiммен және қанша iшiп, қашан қоятынын өзi бiлуге тиiс қой. Қабылданған заңдары iске аса бермейтiн Қазақстан үшiн бұл заң да пайда бере қоймас.

Статистика бойынша Кеңес Одағынан қалған елдiң iшiнде қазiр үш мемлекет iшiмдiк пайдаланудан “көш басында” жүр. Бiрiншi орында – Молдавия елi тұр. Олардың жұрты жылына таза спиртке шаққанда 22 литр­ден артық iшедi екен. Бұл дегенiңiз Бүкiләлемдiк денсаулық сақтау ұйымының айтуынша, Жер бетiндегi орташа статистикалық тұрғынның iшетiн мөлшерiнен үш есеге жуық көп. Ресейде бұл көрсеткiш төмендеу –15,8 литр. Ал Қазақстан болса, Орталық Азия аймағында бiрiншi орында жүр. Бiзде әр тұрғынға

Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті