1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (15939) 21 тамыз, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
21 тамыз 2014
Қойбағардың «қоян бизнесi»

Көптен берi жеке кәсiпкерлiкпен айналысуды армандап жүрген Қойбағар энциклопедиядан, ғаламтордан қояндардың өте өсiмтал келетiнiн, соның арқасында бiр жылдары Австралия даласына қояндар сыймай кеткенiн оқып-бiлдi. Ойлана келе Қойбағар қоян өсiру бизнесiмен айналысуға белдi бекем буды. Қызу iске кiрiсiп, алдымен қояндарға арнап темiр тормен қоршап екi үйшiк жасады. Сосын базарды аралап жүрiп бiр еркек, үш буаз ұрғашы қоян сатып алды. Еркегiн бiр бөлек, аналықтарын бiр бөлек құтты орындарына “қондырып”, көңiлi жайланды. Үлкен iстi тындыр­ғандай, бiраз тынығып алған соң, қолына қалам мен парақ алып қояндарының ендi қалай көбейетiнiн есептеуге кiрiстi. “Бiр қоян орташа есеппен сегiз көжек туса, үш аналық қояным жиырма төрт көжектi дүниеге әкеледi екен. Үш-төрт айдан соң да осы көрсеткiштi қайталаса, қояндарымның саны елуден асып қалады. Ал осы уақыт аралығында алғашқы көжектер де үлкейiп, өздерi де көжектеп, геометриялық қарқынмен көбейе бередi...” деп қиялға берiлген Қойбағар әрi қарай есептеуге ерiнiп, қаламын шетке

Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті