1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №63 (15937) 14 тамыз, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
14 тамыз 2014
Қайғы мен қуаныш қатарласқанда

Мәнiсi төменде баяндалар мәселенi жазуыма жақында өзiм куә болған бiр келеңсiз көрiнiс түрткi болды.

Шымкенттегi сән-салтанаты келiскен зәулiм тойханалардың бiрiнде түс әлетiнде қос залында әлгi әзiрде ғана қара жер қойнына берiлген марқұмға арнал­ған құдайы ас пен бiр мерекелiк шара қатар қабаттасып өтiп жатты.
Дүниеден озған адамның аруағына бағышталған құ­дайы тамақта отырмыз. Бiр сағат бұрын жерленген мү­мiннiң жақсы қасиеттерiн еске алған азалы жиын. Екiншiсiнен шыққан даң-дұң, дарылдаған музыка мен асабаның ышқынған айқайы бүкiл ғимаратты кернеп, жарып жiберердей құлақты тұндырады. Мұның үстiне екi залға кiрер есiктердiң алдындағы үй орнындай фойе екеуiне де бiрдей ортақ болар ма. Қуанышты жақтың көңiлдi, өктем да­уыстары қайғы жұтып отырған қаралы жұртқа қатты естiледi. 

Он екiде бiр гүлi ашылмай, кездейсоқ апаттан қыршын кеткен көкөрiмнiң туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, құдайы тамаққа қатысып, қайтып бара жатқан көпшiлiктiң арасында салтанат сарайының қожасына бiр қайғы, бiр қуанышты қатар өткiзуге тапсырыс қабылдағаны дұ­рыс емес деп сырттай ренiш бiлдiргендер де табылды. Кейбiреулер тарапынан “құдайы тамақ бiт­кенше бiр сағат көлемiнде насатты тойдың басқосуларын  зарлылармен жағаласпай, кiдiрте тұрса қайтедi” деген де өкпелерiн сез­дiргендер болды. Ендiгi­лердiң “музыканы сонша даңғырлатпай, өздерi қатты шуламай, қамкөңiлдiлердiң жанына тимеу жағын ойластыру керек едi” деген кiдiлi сөздерi де естiлiп қалды. Қалай дегенмен де, бiр ғимараттағы есiктерi бiр фойеде түйiскен iргелес екi залдағы

Материалдың толық нұсқасын газет бетінен және электрондық PDF форматына жазылу арқылы оқи аласыз. Ережесін мына жерден қараңыз: ары қарай оқу.
Немесе хабарласыңыз: Тел. +7 (701) 220-64-52, +7 (727) 273-09-84
E-mail: rina025@mail.ru
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті