1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №81 (15435) 8 қазан, бейсенбі 2009
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
8 қазан 2009
Суға батпайтын, отқа жанбайтын адам

Оның “отты түтiк” трюгi Гиннестiң рекордтар кiтабына енген. Бұл трюктi қайталамақшы бол­ғандардың талпынысы сәтсiз аяқтала берген, ал Алексей Латоцкий күнi бүгiнге дейiн тiрi. Қайталанбас трюгiнiң сәттi болуын ол бұдан бiрнеше жыл бұрын ғарыш келiмсектерiмен кездескенiмен байланыстырады.

– Жас кезiмде мен ауыр жүк таситын машинаның жүргiзушiсi болдым. Бiрде жүк машинасын айдап келе жатқанмын. Қарсы алдымнан зу-у етiп жүк машинасы шыға келдi... Құдай сақтап, ешқайсымыз да зардап шеккен жоқпыз. Бiрақ, мен содан бастап машина рөлiне отыруға да қорқатынмын. Рөлге жақындасам болды, қорқыныштан дiрiлдеп кетушi едiм. Кiм екенi есiмде жоқ, әйтеуiр бiреу маған: “Қайтадан көлiк айдаймын десең, қорқынышты жең. Мысалы, автоспортпен айналыс”, – деп кеңес бердi. Мiне, бәрi осыдан басталды, – деп еске алады каскадершы, әлемнiң үш дүркiн чемпионы, ростовтық Алексей Латоцкий.
Екi жыл бұрын каскадер Алексей кезектi трюк жасау кезiнде екi аяғын сындырып алады. Кез келген адам аяғын сындырып алса, үш ай бойы гипске орап тастамай, жазылмайды. Екi бiрдей аяғының сынғанына қарамастан А.Латоцкий бiр ай өткеннен кейiн жұмысқа кiрiсiп кетедi. Ростов қаласындағы №20 емхананың травмотолог-дәрiгерлерi Латоцкийдi рентген аппаратына түсiрiп қарағанда, аяқ сүйектерiнiң мiнсiз бiткенiне көздерi жетiп, аң-таң болған.
– Менiң бет-пiшiнiме қараңыздаршы, – деп Латоцкий бiзге қырынан бұрылды. – Кезектi трюк орындау кезiнде бетiмнiң, басымның терiлерiн оңдырмай жыртып ал­ғанмын. Қатты жүрiп келе жат­қан машинадан секiруiм керек едi және ешнәрсе болмағандай тұрып кетуiм керек болатын. Бiрақ ұйымдастырушылар стадионда шөп үстiнде тас жатқанын байқамаған. Мен тасқа басыммен соғылып, есiмнен танып қалдым. Беттен бет қалмаған, жалаңашталған бас сүй­ек... Менi көрермен­дердiң бiрi суретке түсiрiп алыпты. Ол интернет ар­қылы сатылды да. Мiне, содан кейiн дәрiгерлер басымның, бетiмнiң терiле­рiн тiктi. Мен бетiме, басыма ешқандай операция жасатқаным жоқ. Бетiм­де қазiр бiр тыртық та, таңба да жоқ.
Латоцкий өзiнiң аман-сау жүргенiн басқа планета келiмсектерiнiң iсi деп бiледi. Оны ол былай деп еске алады:
– 25 жаста болатынмын. Украинаның Сум облысынан серiктесiм екеумiз келе жатқанмын. Кезек алмастырмақшы болып автомашинаны орман алқабының жанына тоқтаттық. Көлiктен түсiп, дәрет сындырмақ болып орман алқабына кiрдiм. Алыстан дөңгелегi жапы­рыл­ған қондырғыны көрдiм. Дәл сол уақытта өзге планета адамдары туралы санамда ой да жоқ болатын. “Ғылыми станса” шығар деп ойладым. Қасына келдiм де, баспалдақтармен жоғары көтерiлдiм. Баспалдақтар ешбiр тiреусiз, бiрiнiң үстiне бiрi орналасқан екен. Көтерiлiп келе жатқанымда қарсы алдымнан екi адам шықты. Кәдiмгi жер адамдары секiлдi. Оның үстiне (кейiн түсiндiм) әйел Египет елiнiң патшайымы Нефертитидiң дәл аумаған көшiрмесi. Олар маған ләм-мим демедi, бiрақ олардың менен не бiлмек болғанын түсiндiм. Алақаныма мөлдiр кiшкене шар тәрiздi нәрсе салды, мен оны қыс­қанымда, ол ерiп денеме сiңiп кеттi.
Бейтаныс адамдар “уақытша әйелiңдi ғарышқа алып кетейiк, ал саған Нефертитидi қалдыралық” дедi. Мен бас тарттым. Ол әйел сұлу болғанымен, менiң барлық ойымды оқып-бiлiп тұрса... оның несi жақсы? Мүмкiн, мен басқа әйелге ғашық болып қалсам ше? Менiңше, бұған бiрде-бiр еркек келiспес едi.
Бұдан кейiн де басқа планетаның адамдарымен бiрнеше рет кездесулер болды. Мысалы, қолдарына кәдiмгi шөп шабатын шалғы ұстаған, бойлары 2 метрдей бағана тәрiздес адамдар... Олар жолдың бiр жағынан жер астынан шыға келдi де, жолдың келесi жағына өтiп, жерге сiңiп жоқ болды. Бұл жөнiнде дiнге сенгiш адамдармен ой бөлiскенiмде, олар “сен қас-қағым сәтте Құдайдың құдiретiмен о дүниенi көргенсiң. Шалғы ұстаған бағана тәрiздес адамдар Жер тұрғындарының жанын алуға келе жатқандар болуы мүмкiн”, – дедi.
Мiне, басқа планетаның адамдарымен кездескеннен кейiн каскадершы Алексей Латоцкий отқа жанбайтынын, суға батпайтынын дәлелдеп келедi. Дәлелi – оның “отты түтiк” трюгi. Осы трюк ғалым-физиктер үшiн шешiлмеген жұмбақ болып қалуда. Трюктiң негiзi: каскадер сағатына 100 шақырым шапшаңдықпен келе жат­қан автомашина үстiнен өне бойы жанып тұрған 6 метрлiк дөңгелек түтiк iшiнен секiрiп, сол секiрген қалпы автомашинаның үстiне дәл қону. Адам осындай дөңгелек iшiнен секiргенде табиғи заңдылық бойынша сәл жоғары, сонан соң сәл төмен ұшуы керек екен. Латоцкий болса түтiк iшiнен дәлме-дәл көлденең ұшып, жанып жатқан отқа сүйкенбей, жанбай өтедi. Бiр­неше жыл бұрын осы трюктi қайталамақшы болған француз каскадерi ауыр жарақат алса, ал американ каскадерiнiң әрекетi өлiммен аяқталды. Спортшы секiр­геннен кейiн автомашинаға дұрыс қона алмай құлап, мойын омырт­қасын сындырып, сол жерде жан тапсырды.
“АиФ” апталығынан
аударған оқырман
Байтiлеу Қарабатыров,
Сағыз ауылы,
Қызылқоға ауданы,
Атырау облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті