1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15478) 12 наурыз, жұма 2010
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
12 наурыз 2010
Эстетикалық тәрбиенi әлсiретуге болмайды!

Кеңес қоғамы тұсында эстетика пәнiне мектептерде арнаулы сағаттар бөлiнетiн. Бiр қызығы, бұл пән қазiргi кезде мектептердiң бағдарламасынан мүлдем алынып тасталған. Ал эстетикалық тәрбиенiң ажырмас бөлiгi саналатын сурет пәнi бұрын мектептерде сегiзiншi сыныптарға дейiн жүргiзiлетiн. Қазiр оның өзi қысқартылып, сурет пәнi алтыншы сыныпқа дейiн ғана өткiзiледi.

Мен сегiз жыл гимназия­да сурет пәнiнен сабақ бердiм, сондықтан өз тәжiрибемнен бiлемiн, балғын жеткiн­шек кiшкентай кезiнен бастап түрлi-түстi бояуларға құмар келедi. Содан болу керек, сурет салуға ерекше ынталы болады. Мiне, балғын балалар­дың әдемiлiктi бағалай бiлу қабiлетiн осы кезден бастау өте маңызды. Осы тұрғыдан келгенде, Бiлiм және ғылым министрлiгi осы бiр маңызды мәселенi естерiнен шығарып алған тәрiздi. Осы күнгi сурет пәнiнiң оқулықтары орыс тiлiнен аударылған, тiлi қасаң, оқушы­лар үшiн қызықты емес. Бұл оқулық әлеуметтiк жағдайы нашар отбасы­лардың балаларына ғана тегiн берiледi де, қалғандары оқулықты сатып алуға тиiстi. Бiрақ мектептерде қалыптасқан жағдайға байланысты, сурет пәнiн маңызды деп есепте­мейтiн ата-аналар бұл оқулықты бала­ларына сатып әпер­мейдi. Көптеген мектептерде сурет пәнiн методикалық құралмен қамта­масыз ету базасы да жоқ. Қажеттi құралдарды мұғалiм өзi iздестiрiп табуға мәжбүр.
1960-70 жылдары Қазақтың Әл-Фараби атындағы мемлекеттiк уни­верситетiнде Бахтажар Мекiшев де­ген ұстаз болды. Ол кiсi сол кезде ҚазМУ-де студенттер үшiн «Жетi муза», ал ҚазПИ-де «Қыз Жiбек» клуб­тарын ашқан болатын. Ол клубтарда студенттер өнердiң майталмандары­мен жиi кездесетiн. Бахтажар ағамыз ертедегi және бергi замандағы әлем­дiк өнер тарихын тартымды, қызықты етiп әңгiмелеушi едi. Шәкiрттерi өзiнiң ұстаздық мiндетiне ерекше жауапкер­шi­лiкпен қарайтын Бахтажар Мекiшевтi әрдайым еске алып отырады. Өкiнiшке қарай, Б.Мекiшевтей ұстаз қазiргi уақытта өте сирек.
Бiз мұны неге айтып отырмыз? Өйткенi, өнер тарихын тереңдетiп оқыту бiздiң жоғары оқу орындарында да өз деңгейiнде емес. Өнертану мен өнер тарихы пәндерiне бөлiнген сағаттар мүлде аз. Бейнелеу және мүсiндеу өнерi факультеттерiнiң басы-қасында жүргендердiң айтуынша, бiлiктi өнертанушы ұстаздардың жетiспеушiлiгi, өнер тарихы мен өнертануға қатысты оқулықтардың аздығы да бұл саланың еңсесiн көтертпей жүрген көрiнедi.
Салыстырмалы түрде қарасақ, Ресейдiң жоғары оқу орындарында студенттер оқулықтар мен методика­лық құралдардан еш мұқтаждық көрмейдi. Әсiресе, Мәскеу, Санкт-Петербор қалаларындағы бейнелеу және мүсiндеу факультеттерiн бiтiрiп шыққан түлектер кәсiптiк шеберлiктiң биiк деңгейiнен көрiне алады. Сондықтан шығар, Ресей қалаларынан ерсi жасалған, сөлекет мүсiнделген ескерткiштердi кездестiре алмайсыз. Ал бiзде, Астана не Алматы сияқты мегаполистерiмiзде есек тәрiздi ат мiнген, немесе басы денесiне сай келмейтiн ескерткiштердi жиi кездес­тi­руге болады. Өзге қалаларымызда да сапасыз ескерткiштер көп-ақ. Тәр­бие мен талғамның жоқтығы мемле­кеттiң миллиондаған қаржысын ысырап етуде. Эстетикалық тәрбиенiң әлсiз­дiгi – мемлекет үшiн де, халық үшiн де зиян. Әсiресе, жас ұрпақ үшiн залал­ды.
Жұмат ӘНЕСҰЛЫ,
Алматы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті