1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №56 (15930) 17 шілде, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
17 шілде 2014
Көрерменнiң жүйкесiне тию кiмге керек?

Теледидардан кино, концерт, не болмаса хабар берiлiп жат­қан кезде ойыңды онға, санаңды санға бөлетiн, жөнi жоқ қосылатын, ешқандай мәнi жоқ жарнамалар өте көп берiледi. Мысалы, кино көрiп отырсаң, 1 сағаттың iшiнде 10-15 рет берiледi ғой әлгi жарнама. Және жарнаманың әрбiр берiлуi 3-5 минутқа созылады. Қазақта “Жүгiрген ит қой санатпайды” деген сөз бар. Сол ып-ырас, не көрiп отырғанымызды бiлмей қалатын дәрежеге жеттiк. Шынымен де, телеарналарымызды “асырап”, жан бақтырып отырған осы жарнамалар болғаны ма?! Алайда ешқандай мағынасы жоқ, бiр-бiрiмен соғылысқан машиналарды көрсету, керiк сауып отырған кеспiрсiз негрдi көрсету – телеарналарымызға басты мiндет болса, бұларды концерт, кино, хабарлардың алдында немесе соңында ұзақ уақыт бойы неге көрсетпейдi? Бұлайша көрер­меннiң жүйкесiне тию – адам құқығын бұзу емес пе?!

Тiнәл Құлбаев,
Шырғанақ ауылы,
Райымбек ауданы,
Алматы облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті