1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №56 (15930) 17 шілде, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
17 шілде 2014
Бiз де соғыстың кесiрiнен балалық шақтан ажырағандармыз

“Жас Алаш” газетiнiң №34 санында ақтөбелiк Қарлыға Керейқызының “Тиесiлi жеңiлдiктерiмiздi қайтарыңыздар, мырзалар!” деген мақаласына орай мен де өз пiкiрiмдi бiлдiрудi жөн көрдiм.

Автор: “2005 жылдан бастап қариялардың жағдайын ойлап елу пайыз төлемдердi төлеп едiк. 2014 жылдан бас­тап қайыра 100 пайыз төледiк” дейдi. Бiз де соғыстың кесiрiнен балалық шақтан ажырағандармыз. Мылтық ұстамасақ та, жеңiстi сәби саусағымызбен жақындат­қан ұрпақтың өкiлiмiз. Ақсақалым екеумiз де тыл және еңбек ардагерiмiз. Бiрақ 50 пайыз өтемақы дегендi бiрiншi рет естiп отырмын. Соған қарағанда, заңның орындалуы жергiлiктi жердегi басшыларға байланысты екенi анық. Сонда бiздiң ауданымыздың басшылары мен тиесiлi орындар заңды бiлмеген бе, әлде бiлгiсi келмеген бе?
Бiр бiлетiнiм, бұқара халықтың жағдайын ойлап жатқан ешкiм жоқ. Қысқасы, басшылар өздерi үшiн ғана креслода отыр. Ал жұмыссыз жастар, баспанасыз жүрген көпбалалы жас аналар мен тұратын ауданда жеткiлiктi. Бәрiнен де Екiншi дүниежүзiлiк соғыста опат бол­ған жауынгерлердiң ұрпақтарының қаңғып жүргенiн көргенде жүрегiме қан құйылып, көзiме жас келедi. Менiң де екi туған ағайым соғыстан оралмады, үйленiп те үлгере алмай соғыс құрбаны болды. Ағаларымнан ұрпақ қалмағанына, Құдай өзi кешiрсiн, шүкiршiлiк етемiн. Себебi соғыста құрбан болғандардың балалары – менiң замандастарым. Егер бауырларымнан ұрпақ қалса, аталары соғыста өлгендердiң ұрпақтарының көрген қорлығы мен азабын менiң де бауырларым көрер едi. Өзiм зорға күн көрiп отырғанда қайсысына пана болғандаймын деген ойға қаламын.
Соғыс құрбандарының бәрiнiң ұрпақтары қиындықта, жоқшылықта ғұмыр кештi деуден аулақпын. Саусақпен санарлық болса да жер-жерлерде кездесетiнi анық. Сондайларды мен өз көзiммен көрiп жүрмiн. Ал аталары соғыстан оралғандардың жағдайлары бiршама жақсы екенiн де бiлемiн...
Замандасым Қарлыға, сiз төлемдердi жоқтап отырсыз, мен айтар едiм, зейнет­ақымызды мезгiлiмен алып тұрсақ, соның өзiне де риза болайық деп.
Шәрбан Рысмағанбетова,
Жаңаарқа ауданы,
Қарағанды облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті