1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (15916) 29 мамыр, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
29 мамыр 2014
Бiр сәт тыныққың келедi...

Қазiр қай газеттiң бетiн ашсаң көзiң саяси мәселелерге, тiптi жалаң ұрандарға түседi. Шенеунiктердiң халыққа берген уәделерiнiң орындалмай жатқанын да байқауға болады. Мұндай жағдайда тұщынып өлең немесе әңгiме оқығың келедi. Өз басым “Жас Алаштағы”, “Қазақ әдебиетiндегi” әңгiмелердi оқығанды жақсы көремiн.

Облыстық газеттер саясатты жазудан қолы босамайды. Сондықтан да әр облыста облыстық әдеби басылымның шығарылуы керек-ақ. Мүмкiн, облыстық әдеби басылым жаңа есiмдердi елге таныстыра отырып, талант көзiн ашуға септiгiн тигiзер. Бұрын “Орталық Қазақстан” газетiнде арагiдiк “Шаншар” сын-сықақ бетi ұйымдастырылатын. Соңғы кезде “Шаншар” қосымша бетi шығарылмай қалды. Шындығын айтқанда, халық құрғақ саясаттан әбден шаршады. Мiне, осындайда жақсы шығарма оқып, тыныққың-ақ келедi...
Төлеш Төребайұлы,
Қарағанды қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті