1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №26 (15900) 3 сәуір, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
3 сәуір 2014
Келген iзiммен керi қайттым

...Ауылға бардым. Әкемнiң асын бергелi берi барған емеспiн. Бұрын да ауылдың сәнi келiсiп тұрмап едi, ендi тiптен сұры қашып кеткендей... Үй де аңырап бос қалғандай. Қорада мал да жоқ. “Бiр-екi қой мен сиырды қалдырмадыңдар ма?” деймiн бауырыма. “Оны кiм қарайды? – дейдi келiн iнiмнiң орнына жауап берiп, – Мен кешке дейiн мектептен (мұғалiм) шықпаймын, Қайыр да жұмыста. Екi баланың қойға шамасы жетпейдi”.

Әкем тiрi кезiнде төрде iлулi тұрған ата-анамның портреттерi де алынып тасталыпты. “Қайда?” деймiн бауырыма. “Қазiр ескi портреттер iлiнбейдi, түрлi-түстi суреттер iлiнедi. Үйдiң көркiн ашады” дейдi тағы да Қайырдың орнына келiнiм. “Түрлi-түстi суреттер түсiретiн фотоаппарат шыққан кезде анам бұл өмiрде жоқ едi. Ендi суреттердi де көп көргенiң бе?” дегiм келдi. Көзiн жерден алмай тұрған бауырымды аядым...
Ертеңiне келген iзiммен керi қайттым. Ата-анамның ешкiмге керек болмай қал­ған портреттерiн құшақтай кеттiм. Бауырымның үлкен баласы атасының екеуi түскен суретiн төсегiнiң бас жағына iлiп қойыпты. Көңiлге соны демеу тұттым...
Мағрипа,
Қызылорда қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті