1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №26 (15900) 3 сәуір, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
3 сәуір 2014
Бүгiнгi еркектерде ес жоқ па деп қалам...

Қадыр Мырза Әлi ағамыз айтпақшы “Еркектiң ең жаманын қатын дейдi-ау, Әйелдiң қасиетiн ұқпайтындар” демекшi, бүгiнгi еркектерде ес жоқ па деп ойлап қалам.

Кешiрiңiздер, бұл жалпы ер адамдарды кемсiтуiм емес, кейбiр ағаларым мен замандас­тарым ойланса екен деймiн, өз шаңырақтарының шырқын бұзбаса екен. Бұрын қазақтың жауы жоңғар мен қалмақ болса, қазiргi жауы – казино. Осы казиноны ашқан адамдар бiр мезет өз қалталарын ойламай, елдiң келешегiн ойласа еттi. Әй, қайдам... Айтатұғын ауыз бар болғанмен, естiр құлақ табылар ма екен? Сол казиноның құлына айналған қаншама ағаларымыз бен менiң замандастарым үйiндегi бала-шағасын жылатып, жеп отырған нанынан айырғанын сезер ме екен. “Жаман әйел жақсы еркектiң басын көрге сүйрейдi, жақсы әйел жаман еркектiң басын төрге сүйрейдi” демекшi, қазақтың көп қыздары күйеулерi шашқан байлығын (казино үшiн) толтырам деп несиесi мойнында бiр қолымен жыртығын жамап, бiр қолымен бесiгiн тербетiп жүрген жоқ па?
Қазiргi қоғамда ажырасу көп деп жазып та, айтып та жатырмыз. Бала болсақ та үлкендердiң әңгiмесiнен “пәленшенiң әйелi төркiнiне кетiп қалыпты” деп еститiнбiз. Бұрындары әйел адам затын жинап төркiнiне кетiп қалатын сияқты едi, ал қазiр еркектерiмiз киiмiн жинап өз жұртына кетiп қалатын мода шығыпты. Ау, сонда, еркектiң әйелден не айырмашылығы қалды? Бiр танысым айтып едi “Ел басына күн туса, жiгiттерiң алқызыл түстi шалбар киiп шыға келедi” деп. Айтыңдаршы, ағайын, қазақтың жiгiттерi осындай ма едi, отбасы жауапкершiлiгiнен қашып, әйелiн жесiр, баласын жетiм етiп кете беретiн бе едi?
Баланың жазығы не?
Күнделiктi тiрлiктен босай қалғанымда жайма базарға бара қалсам, ала сөмкелерiн арқалап жүрген әйелдердi көргенiмде жаным құлазып, жүрегiм жылап қайтады. Шаңырағында түтiнiн түтетiп, бесiгiн тербетiп отыратын аналарымызды әлпештеп отыратын ағалар қайда?

Бiздiң халық данышпан ғой. “Қызыңды еркелетiп өсiр де, еркелететiн жерге бер” дейдi. Қоғамымызға жат болып енген үрдiс: қаракөз қыздарымыз тәнiн саудалап, түнгi көбелек ат Материалдың толық нұсқасын газет бетінен оқи аласыз

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті