1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №26 (15900) 3 сәуір, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
3 сәуір 2014
Көрермен талғамына татыса...

Бiздiң баршамыз сүйiп тыңдайтын Шәмшi әндерi терең толғаныстардан дүниеге келгенi белгiлi. Әрбiр әнiнiң өзiндiк шығу тарихы бар. Шәмшi әндерi кабинетте емес, жол сапарда, халықпен жүздескенде, еңбек адамдарымен кездескенде, егiн даласында, қырман басында, табиғат аясында дүниеге келген, сондықтан ол өмiрлi. Сезiмтал да сыршыл сазгер сығандар көшiне ердi, өмiрге, адамдарға, сұлулыққа ғашық болды. Қарапайым адамдармен жүздестi, сондықтан әдемi әндер туды. Кабинетте отырып жақсы ән шығарам деу бекер. Шабытты күштеп келтiруге болмайды. Қазiр не көп, бiрiнен-бiрi айнымайтын, бiрiн-бiрi қайталайтын, ұқсас әндер көп, сондықтан есiңде сақталып қалмайды. Мүмкiн, осы сөзiмiзге соңғы кезде менен ән ұрлады деп бiр-бiрiмен айтысып жатқан композиторларымыздың тiрлiктерi де куә шығар. Бұрын бұндай айтыс-тартыс көп болмайтын.

Тағы бiр айтайын дегенiм, қазiр ән айтатын топтар көбейiп кеттi. Екеуден, үшеуден, төртеу-бесеуден (дуэт, трио, квартет, квинтет) топтасып алып, билеп тұрып ән салса болды, көп ұзамай жұлдыз болып шыға келедi. Бұл жерде “Үркер”, “Ұлытау”, “Мұзарт”, “Жiгiттер”, Жамбылдың “Алатау” топтарын жақсы жақтарынан үлгi етуге болады. Көрермендердiң де сауатсыз, надан емес, талғампаз, сыншыл екенiн естен шығармаған жөн. Олар сол үшiн де ән тыңдайды, концерт залдарына уақыт қиып барады, жан дүниесiн тынықтырады, рухани азық алады, демалып қайтады. Осы жағын мықтап ойланған жөн.
 
Серғазы Әбiлмажанов,
Түлкiбас ауданы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті