1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №24 (15898) 27 наурыз, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
27 наурыз 2014
Конфуцийдiң үш шәкiртi

Атақты ғұлама ұстаз Конфуцийдiң мақтаулы үш шәкiртi болыпты. Бiрде ел кезiп жүрген дiндар кiсi: “Гун деген шәкiртiңiз туралы не айтасыз?” деп Конфуцийдан сұрайды. Сонда ол: “Гун – елден ерекше ақылды. Оны басқа ғалымдар да мойындайды” дейдi. “Лу ше, онда не қасиет бар?” “Лу – ержүрек, көзсiз батыр. Басқа батырлар шаңына да iлесе алмайды”. “Ал үшiншi шәкiртiңiздiң қандай қасиетi бар?” “Чжан деген шәкiртiм – нағыз шебер, еңбекқордың дәл өзi”.

Дiндар кiсi Конфуцийге: “Егер Гун елден ерек ақылды, Лу асқан батыр, Чжан нағыз еңбекқор болса, онда олар сiзден не үйренiп жүр? Бұдан артық не керек оларға?”, – дейдi.
          Ендеше, берi қара, – дейдi Конфуций, – Гун ақылды, бiрақ жалқау. Лу – батыр, бiрақ ақылы аз. Чжан еңбекқор болғанымен, iшi тар, қызғаншақ. Ақылды Гун жалқаулықтан бақытты болмасын түсiнбейдi. Лу өте сақ жүрмесе, асқан батырлықтан омақасып, “батыр – бiр оқтық” дегендей, өмiрем қабарын сезбейдi. Чжан қызғаныш бар жерде қуаныш та болмайтынын бiлмейдi. Сондықтан олардың осыларға көзi жетiп, әбден ұғып, түсiнгенше, мен олардың ұстазы, ал олар менiң шәкiрттерiм болып қала бередi, – деп жауап берiптi.
Айбол Битуғанов,
жоғары бiлiмдi ұстаз,
Талғар қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті