1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15887) 20 ақпан, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
20 ақпан 2014
Көтере алмайтын шоқпарды белiңе байлап нең бар?!

Мен шежiрешi де, тарихшы да емеспiн. Тапсаң береке болатын, таппасаң келеке болатын мұндай жолға талаптанып та көрген жоқпын. Өйткенi бұл жұмыс – кәсiби мамандардың iсi, ғалымдардың көп жылғы зерттеуi арқасында келетiнiн, әрi сәл қиыс кетсең, кейiнгi ұрпаққа зор қателiк әкелетiнiн жақсы түсiнемiз. Ақтөбелiк ақсақал Бекет Есенжолов “Жадымдағы жаңғырықтар” деп аталатын кiтап жазып, Әлiм руы­ның шежiресiн таратқан екен. Мұнда Тiлеу аталығы жөнiнде өте сауатсыз жа­зыл­ған жайттарды көрiп, ерiксiз қолыма қалам алдым. Тiлеу – Сайрам түбiнде жоңғарлармен үлкен баласымен бiрге шайқаста өлген батыр. Оның кен­жесi – мыңжылдығын болжаған әйгiлi Мөңке әу­лие. Тiлеу бабамыздың әйелi – Сұлу анамыз. Сарша мен Мөңке Сұлудан туған. Тiлеу қан майданда қаза тапқан соң жесiр қалған Сұлу әмең­герлiк жолымен Қангелдi деген кiсiге тиген. Аталарымыздан естiгенiмiз осы. Ал Бекет Есенжолов Сұлу анамыз күйеуi қаза тапқан соң Сарша деген кiсiге күйеуге шығып, осы некеден төрт ұл туды деп жазған. Нақты шежiре бойынша Сарша –Сұлудың баласы.

Тағы да қайталап айтамын, шежiре жазу – өте ауыр жүк, жауапкершiлiгi аса үлкен тiрлiк. Шежiреде аты қалған әр бабаның есiмi бұрмаланбағаны жөн. Ол – тарих. Б.Есенжолов шейiт кеткен өлiлердiң аруағына қиянат жасап отырғанын бiлмей қалды деп те ойламаймын. Себебi ол 2011 жы­лы шығарған бiр кiта­бында қателiк жiберiп, ел iшiнде арты үлкен дауға ұласқан едi. Шалқардың шежiрешi қарттары айқай шығарып, Есенжоловтың қателiгiн бетiне басты. Бiрақ екi жылдан соң сол қатесiн тағы да қайталап отыр. Мұның артында не жатуы мүмкiн?
Қолың көтере алмайтын шоқпарды белiңе байлама, Бекет!   
Қуанышбай Әлмұрат,
Шалқар ауданы, 
Ақтөбе облысы.
 
РЕДАКЦИЯДАН:
 Бүгiнде ел iшiнде шежiре жазу дегеннiң дәуренi жүрiп тұр. Соңғы кездерi   ата-баба шежiресiн жазудың жаяу жарысқа, кейде тiптi арсыз бәсекеге айналып кеткенi соншалық, арты дау-дамайға, жанжалға ұласып кететiн кездерi де бар. Елдiң тұтастығы мен бiрлiгiн сақтауға негiзделген қазақтың шежiресi ата-тек пен туыстық байланыстарды түгендеп- түптеу арқылы қазақ деп аталатын алып бәйтеректiң тамырын тереңдетуге бағытталады. Мұны ешкiмнiң бұзуға қақысы жоқ. Шежiре – ата-бабаңның аманаты. Сондықтан да шежiренi ауылдың бiлiктi ақсақалы ғана таратып, естi ұрпағына жеткiзген.  
Бабадан балаға аманатталып жеткен сол шежiре бүгiнгi көп жазғыштың кесiрiнен мүлдем бұрмаланып, не болмаса қате жазылып жүр. Осының кесiрiнен ұрпағы ата-бабасын айыра алмай да қалуда. Шежiре бұрмалаушылық ата-баба жарыстырудың ең жиiркенiштi, ең сұмпайы құралына айналды қазiр.
Қазiргi уақытта шежiре шығару –   облыстардағы жекеменшiк баспаханалардың негiзгi табыс көзiне айналса, кiтап жазу зейнеткерлiк жасындағы бұрынғы партия-кеңестiк номенклатурашылардың сүйiктi кәсiбiне айналды. Кiтапты кiм жазып жатыр, оның сапалық құндылығы қандай, ғылыми негiзi бар ма, автордың осы мәселенi көтеруге бiлiм-бiлiгi жете ме, бұл жөнiнде ешбiр мемлекеттiк орган сараптама жүргiзбейдi. Сол себептi жұрттың ермегi мен мазағына айналып бiткен шежiре жазу мен кiтап шығару деген ұлы iске бақылауды, бақылау болғанда да мемлекеттiк бақылауды күшейткен жөн секiлдi. Шалқарлық оқырманымыздың хаты да осы шаруаның мемлекеттiк тұрғыдан реттелуiн сұрап-ақ тұр.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті