1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15887) 20 ақпан, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
20 ақпан 2014
Ақшаға оқылған Құраннан өлiге сауап болмайды

Зейнеткермiн. Кейiнгi кездерi өлiм-жiтiм көбейiп кеттi. Өзiм секiлдi қариялар да, жастар да о дүниеге кетiп жатыр... Иә, бәрi Алланың қолында ғой. Бiрақ, келiспейтiнiм... имамдардың кейбiр iстерiне қарным ашады. Бiр-ақ нәрсе – жаназа шығаруды айтайын. Имамдар жаназаға ақша алады. Әрине, олар сұрамайды. Бiрақ қаза болған үй оларға “жаназа шығарғаныңыз үшiн” деп ақша бередi. Олар ұялмай-қызармай қалтасына салып жүре бередi. “Жоқ, маған емес, әлеуметтiк жағдайы мүшкiл кiсiлерге берiңiздер” деп айтпайды. Сәбилер үшiн жаназа шығарғанда 10 мың теңге, үлкендер үшiн 20 мың теңге алған имамдарды да көрдiм. “Олардың айлықтары аз. Отбасын асырау үшiн...” деп уәж айтарсыз. Рас, iшiнде Құдайға шын берiлген адамдар да бар, мен барлығына топырақ шашып, Құдайдың алдында күнәһар болғым келмейдi.

Осындай ойдың шырмауында жүргенiмде поштама islamdi­ni.kz-дан хат алдым. Сөйтiп, өзiмдi қинап жүрген барлық са­уалдарыма жауап таптым. Онда былай жазылған:
Сұрақ: Ақшаға Құран оқу, оқылған дайын хатымды сату дұрыс па?
Жауап: Құран кәрiмдi күнкө­рiс үшiн табыс көзi қылуға болмайды. Хадис шәрифтерде былай делiнедi: “Құран оқыңдар, бiрақ күнкөрiс үшiн табыс көзi қылмаңдар” (И.Ахмед). “Бiр заман келедi, Құран Аллаһ разылығы үшiн емес, дүниелiк үшiн оқылады” (Әбу Дауд).
“Құран оқып, оқтың садақтан ұшқанындай дiннен шығатындар болады” (Ибн Мажа). Ақшаға оқылған Құраннан өлiге сауап болмайды (Хидайа). Ақшаға Құран кәрiм оқыту харам болып табылады (Бәй уә Шира). Қари саудаласпай таза Аллаһ разылығы үшiн хатым немесе мәулiт оқыса, оқытқан адамның берген сыйлығын алуына болады (Хадиқа, Бәриқа).
Құран кәрiм оқып, сыйлықтарды алып, мұны кәсiпке айналдырмау керек! Өйткенi әдетке айналған сыйлықтар келiсiлген айлық сияқты болады (Дуррул Мухтар).
Сұрақ: Ақшаға ғибадат жасау, мысалы имам болу, Құран үйрету дұрыс па?
Жауап: Иә, ғибадат жасап, Аллаһ тағаладан дүниелiк пайдаларды сұрауға болады. Жаңбыр дұғасына шығу, истихара жасау, жалақы алып имам болу, Құран үйрету, кедейлiктен құтылу үшiн Құран оқуға рұқсат етiледi. Сау­да жасармын деген ниетпен қажылыққа барса, ғибадат жасау ниетi мүлдем болмаса, рия болады. Ғибадат ниетi көп болса, сауап болады.
Сұрақ: Мазарларда кейбiр адамдар жүредi, ақшаға Ясин сүресiн оқып бередi. Немесе “Оқылып қойған дайын хатым бар, арзанға сатамыз” дейдi. Бұл күнә емес пе?
Жауап: Ақшаға ғибадат жасау немесе жасату, яки ғибадаттың сауабын басқа бiреуге сату сахих емес, яғни бұл жолмен ғибадат жасалған болып саналмайды. Ғибадатты жасамай тұрып саудаласатын болса, ол келiсiлген ақы болады. Жасағаннан кейiн сауадаласатын болса, ғибадатты сату болады. Екеуi де дұрыс емес (С.Әбәдийа).
Ғибадаттарды, мысалы Құ­ран кәрiмдi, мәулеттi, дұғаны ақшаға жасау дұрыс емес. Ол мақсатта iстелiнген ғибадатқа ақша алу да, беру де харам. Бұларды Аллаһ тағаланың разылығы үшiн жасау керек, егер сыйлық берiлетiн болса, оқыған адамның алуы күнә болмайды (Ислам Ахлақы).
Айбар Сердалин,
Жамбыл облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті