1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15887) 20 ақпан, бейсенбі 2014
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
20 ақпан 2014
“Қазақ Республикасы” деген атау ұнайды өзiме

Қазақстанды “Қазақ Республикасы” деп атауды қолдаймын. Әнұранға келсек, “Менiң Қазақстаным” қала беруi керек. Бұл Жұмекен Нәжiмеденов пен Шәмшi Қалдаяқовқа деген тарихи ескерткiш, тағзым, алғыс.

Менiңше, әнұран мәтiнiнен “Бiрлiгi жарас­қан, Тәуелсiз елiм барды” алып тастап, алғашқы нұсқасы:
“Сағымды далам бар,
 Сабырлы көлiм бар”, –
деп әрi қарай жалғастыра берсе болар едi. Сонда логикалық тұрғыда алғанда, қазақтың аспаны, даласы, көлiнен кейiн кең байтақ жерi айтылып тұрар едi.
Тағы бiр ескертпе, “мәңгiлiк досындайды” алғашқы нұсқасы “ежелгi досындайға” өзгерту керек сияқты.
Нұртас Иманқұл,
философия ғылымдарының докторы,
Астана.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті