1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103-104 (15873-74) 26 желтоқсан, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
26 желтоқсан 2013
“Оқырман сұхбатты өзi жүргiзедi”

Құрметтi редакция! Сiздер “Ашық әңгiме” деген айдармен, бұдан басқа да түрлi айдарлармен сұхбат, жедел сұхбат өткiзiп жатасыздар. Бұл жерде сұхбат беретiн адамды сiздер таңдайсыздар. Мәселен, менiң өз басым сұрағымды бас­қаға емес, Герольд Бельгерге қойғым келедi. Жалтақтамайтын, жағымпазданбайтын, бiр жағына қарай бұра тартпайтын, мейлiнше әдiлiн айтуға тырысатын осы бiлiктi, терең бiлiмдi, қазақ тiлi мен қазақ мәдениетiнiң үлкен жанашырын өз басым қатты қадiрлеймiн. Герольд Бельгерге қояр сұрақтарымды да қоса жолдап отырмын. Бәлкiм өзге оқырмандардың да одан бiлгiсi келетiнi бар болар. Бәрiмiз бiр жабылып көрсек, талай нәрсенi айтқызатын шығармыз. Қалай ойлайсыздар? Жақында “Жас Алаштың” бас редакторы оқырман сауалына жауап бердi ғой. Содан кейiн маған осындай ой келдi.

Серiк Түймебаев,

Тараз қаласы.
 
Редакциядан: Тараздық Серiк Түйме­баевтың пiкiрiне ұқсас пiкiрлер редакциямызға жиi түсiп жатады. Ендi бiз оқырмандарымыздың ұсынысын ескере отырып Жаңа жылдан бастап “Оқырман сұхбатты өзi жүргiзедi” деген жаңа айдар аштық. 2014 жылдың қаңтарында оқырмандарымыздың сауалына Герольд Бельгер жауап бередi. Бұл ретте жазушының келiсiмiн алдық.
Құрметтi “Жас Алаштың” оқырмандары! Герольд Бельгерге қоятын сұрақтарыңыз болса 2014 жылдың 10 қаңтарына дейiн “Жас Алаштың” мекенжайына жiберулерiңiзге болады (Редакцияның мекен жайы: 050002 Алматы қаласы,     Жiбек жолы көшесi, 50-үй. Электронды поштамыз: aika902007@rambler.ru).
Оқырман – газеттiң тiрегi. Сондықтан да оқырманның тiлегi мен ұсынысына ешуақытта бей жай қарай алмаймыз. Оқырмандарымыз бұдан былай кiмге сұрақ қойғысы келе­дi, өз сұрағына қай адамның жауап бергенiн қалайды, дiт­теген адамыңыздың аты-жөнiн көрсетiп, сұрақтарыңызды редакциямызға жолдап жiберi­ңiз­­дер. Сiздердiң сұрақ­та­ры­ңыз­ға өзге емес, өзiңiз таңдаған тұлға жауап бередi. “Оқыр­ман сұхбатты өзi жүргi­зедi” айдарының мiндетi де осы!
 
ЖИI ЖАРИЯЛАУДЫҢ ДА СЕБЕБI БАР
Оқырман сұрағы:
–“Жас Алаш” газетiнде өзге ақын-жазушылардан гөрi сықақшы Мұхтар Шерiм мен прозашы Қабдеш Жұмадiлов жиi жарияланады. Мұның себебi не?
Жауап:
–Күнделiктi тiрлiкте “актуальды екен”, “өте өзектi екен” деп жататынымыз да шындық. Сол айтқандай, Мұхтар Шерiмнiң сатирасы да – өте өзектi. Қоғамымыздың қышыған жерiн дәл тауып қасиды. Мiнеки, редакциямызға үш сатиралық шығарма келiп түстi. Оның бiрi – баяғы ауыз әдебиетiнiң үлгiсiмен жазылған “Қырық өтiрiк”. Екiншiсi – алиментшi әке жөнiнде. Үшiншi шығарма асқынып бара жатқан, асқынғанда да шегiнен шыға асқынып бара жатқан қоғамдағы жағымпаздықты өлтiре әшкерелейдi. Осының қайсысы газетке алдымен жарияланады? Әрине, жағымпаздықты өлтiре әшкерелегенi. Мұхтар Шерiмнiң жиi жарияланатыны да осыдан. Былтыр ең көп жарияланған – Қабдырахман Отарбай едi. Биыл Мұхтар Шерiм алдыға шықты.
Ал ендi кәнiгi тарлан, қадiрлi жазушымыз Қабдеш Жұмадiловтiң әңгiмесi редакция қоржынына түскен өзге әңгiмелерден гөрi сәнi де асып, салмағы да басып тұрады. Мұндай әңгiменi тоқтатып қою – тек әңгiмеге емес, ең алдымен оқырманға обал.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті