1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №91 (15861) 14 қараша, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
14 қараша 2013
Оның еңбегiн харам деп айта алмаймын...

“Жас Алашта” (7 қараша, 2013 ж.) жарық көрген Дария Ерғалиқызының “Мұхаммед пайғамбар қажылық мұратын бiр-ақ рет өтеген” деген мақаласын оқыдым. Оқыдым да, өзiмнiң жақын танысымның айтқан әңгiмесi есiме түстi. Ол екi жылда бiр қажылыққа барып қайтады.

“Қажылыққа қалай барамын, солай шаруам дөңгеленiп жүре бередi” дейдi ол. Бiр айта ке­терiм, әлгi танысым “көмек көрсете көрiңiз” дегендерге шама-шарқынша көмегiн аямайды. Ол үй сатып алумен, сатумен айналысады. Риэлтор емес.
Шамамен осыдан 10-15 жыл бұрын 2-3 үй сатып алған. Мiне, содан берi арзанға үй сатып алады, соны үстiне 5-10 мың доллар қосып сатады. Құрылыс мате­риалдарын сатумен де айналысады. Өз басым, оның еңбегiн харам деп айта алмаймын...
Манат Қайролла,
Талдықорған.
 
Осы мақалаға орай сайтқа келiп түскен хаттардың кейбi­реу­лерiн ұсынып отырмыз.
“...Қаражаты адалдан болса, өз еркi деп ойлаймын. Басқа харамға жұмсағаннан Меккеге бар­ғаны дұрыс шығар. Анығын Аллам бiледi”.
(Бiр Жан).
 
***
 
Меккеге мың барсаң да, ниетiң дұрыс болмаса, қабыл болмасы анық.   Қазақ күнәға бiр батса, ысырапшылдықтан батады. Меккеге он рет бардым деп кеудесiн кергеннен гөрi, жоғарыда айтылғандай, қиналып жүргендерге қолұшын берсе, сауабы көп iс болар едi.
(Толағай Бұрхан).
 
***
Қажылыққа неше рет бару, менiңше, әр мұсылманның өз ықтияры бiлетiн жайт. Бiрақ қа­жылық – зор сынақ. Ол сапарға ерiккен, тек қалтасы қалың адам жыл сайын барады деу – жаңсақ ой.
Бұл логикамен пайымдасақ, жыл сайын шетелдегi демалыс­қа көңiл көтеруге, шетелдiң, Ресейдiң арзан әртiстерiне миллиондап ақша шашатын қандас­тарымыз туралы не айтуға болады? Ал рухани тазару үшiн, иманын нығайту үшiн Анталья, Ита­ия­ның орнына қажылыққа барып, өзi, аталары, анасы үшiн парыз өтеу – тек қана сауапты iс!
 (Оқырман).
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті