1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (15853) 17 қазан, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
17 қазан 2013
“Бай баласы үшiн жұмыс iстеуден шаршадым”

Ол екеуiмiз кездейсоқ кездесiп қалдық. Ауылда тай-құлындай тебiсiп бiрге өскен едiк. Мен оны батыл, еңбексүйгiш, қажырлы жан ретiнде жақсы танитынмын. Таныстарым арқылы қаладағы кәсiп­орындардың бiрiнде абыройлы еңбек етiп жатқанын, адамға әрдайым көмектесуге әзiр тұратын қолы шебер жiгiтке ұжымы да сыйластықпен қарайтынын естiдiм.

Атпалдай азаматтың жүзi сынық екен. Сыр бергiсi келмей, менiмен емен-жарқын амандасқансыды.
– Ұнжырғаң түсiп кетiптi ғой, – дедiм мен әңгiме ауанын өзiне аударып.
– Мен кеше өз еркiммен жұмыстан босатуға өтiнiш жаздым, – дедi танысым. – Бастықтардың баласы үшiн жұмыс iстеуден әбден шаршадым. Бiздiң цехтың жұмысы ауыр. Бiрақ жалақысы қомақты. Көп ақшаға қызықты ма, қолына шеге ұстап көрмеген қалада өскен екi жiгiт бiзге жұмысқа тұрды. Алғашқыда “Жас келсе – iске” деп, оларды қуана қабылдадық. Алайда қуанышымыз ұзаққа созылмады. Бас­тапқы он күнде жұмысқа үзбей келiп жүрген екеуi уақыт өте келе анда-санда төбе көрсететiн болды. Өкiнiштiсi, цех бастығы да, одан жоғары тұрған басшылар олардың бұл “еркелiгiн” көтерiп, көрсе де көрмегенсiдi. Ол аздай, әлгi еркетотайларға табель толық жабылып, тiптi сыйақы да өзгелермен бiрдей көлемде төлендi. Бiз наразылық бiлдiрiп, басшылардан түсiнiктеме берудi сұраған едiк: “Олар – бастықтардың балалары. Көнбесеңдер, жолдарың әне” деген жауапты естiдiк. Менiң әрiптестерiм күңкiлдедi де қойды. Ал мен мұндай әдiлетсiздiкке төзе алмадым. Байдың баласы неге бiздiң есебi­мiзден күн көруi тиiс? Жалпы, бiз жастардың саналы түрде жатып­iшерлiкке, бойкүйездiкке салынуына неге жайбарақат қарауымыз керек? Мен өз әрекетiм арқылы қоғамдағы келеңсiздiкке тосқауыл қой­ғым келдi. Осы iсiме еш өкiнбеймiн, – дедi ол сенiмдi түрде.
Танысымның сөзi маған да ой салды. Ақиқатына келсек, мұндай оқиғалар арагiдiк болса да әр жерде көрiнiс беруде. Қалай десек те, адамның еңбегiн қанау, өзгенiң есебiнен жан бағуды ислам дiнi де, бiздiң заңымыз да қолдамайды. Бiрақ қоғамдағы қауiптi iндетпен бiрлi-жарым адам күресiп, опа таппасы анық. Бiр бiлетiнiмiз, нем­құрайдылық орнаған жерде кеселдi дерт те өрши түседi...
 
Д.Жұмадiлова.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті