1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №75 (15845) 19 қыркүйек, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
19 қыркүйек 2013
Қарғыс алма, алғыс ал!

Жақында бiздiң ауданда тұратын бiр отбасының төрт адамы бiрiнен кейiн бiрi қайтыс болды. Менiңше, бiр отбасының бұлайша бiрiнен кейiн бiрiнiң қаза болуына себепшi болған – қарғыс. Иә, иә, қарғыс.

Ата-бабамыз “Ұрлық түбi – қорлық”” деп бекерге айтпаған. Қарап отырсаңыз, ұрлап өмiр сүргендердiң iшiнен елдiң алдына шығып отырғаны жоқ. Қайта ұрлық жасағандар – сотталып, түрмеге тоғытылуда. Ал кейбiрi ауырмай, сырқамай о дүниеге аттануда. Бұл ненiң белгiсi? Бұл – адамның көз жасына, қарғысына қалғандар.
Мен тұрып жатқан Меркi ауданында да жыл сайын мал ұрлығы болып тұрады. Орта жастан асқан Әдiлбай (аты-жөнiн өзгертiп жаздым) төбесi жабық машина айдайды, өзi үкiметтiң жұмысын iстейдi. Тұрмысы да жақсы. Әке-шешесi зейнеткер. Ал келiншегi базарда ет сататын. Үйiнде малы да бар, жеке көлiгi де бар, жалпы, адамға қажеттiнiң бәрi бар. Сөйткен Әдiлбайымыз алыстағы ауылдан мал ұрлап ұсталды. Әйтеуiр, мал иесiне ұрлаған малын берiп, кешiрiм сұрап, ортаға адам салып, сотталмай құтылды. Арамдықпен жинал­ған малдан бiр мал да қалмады. Күйiктен анасы, артынан әкесi қайтыс болды. Әйелi жаман аурумен ауырып, қайтыс болды. Ақырында ол өзiне-өзi қол жұмсады. Бiреудiң көз жасымен келген қандайда болсын зат сiңбейдi, керiсiнше, жамандық әкеледi. “Жауынмен жер көгередi, батамен ел көгередi” деген мақал тегiнен-тегiн айтылмаған. Көп бата алған адамдар өсiп-өнедi, ал ұрлық-қарлықпен өмiр сүретiн­дер, бiреуге қиянат жасағандар өшедi. Мұны өмiрдiң өзi көрсетiп жүр.
Әшен ҚЫРҒАБАҚҰЛЫ,
Меркi ауданы,
Жамбыл облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті