1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №75 (15845) 19 қыркүйек, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
19 қыркүйек 2013
Балаларымыз қашанғы батпаққа батады?

Бiз – Қазығұрт ауданының орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы көшенiң тұрғындарымыз. Аудан орталығында емдiк қасиетi бар табиғи жер-асты жылы суын пайдаланатын монша жұмыс iс­тейдi. Оның суы қысы-жазы, күндiз-түнi тоқтаған емес. Сол моншадан шығатын шайынды су құйылатын цептик бiздiң көшеге жақын, ауыл мен Келес өзенiнiң ортасында орналасқан. Цептиктi, дәлiрегi, бақа қаптаған батпақты ретке келтiру керек. Оған мал түсiп жатыр, балалар да цептикке түсiп кете ме деп ұдайы қорқыныш құ­шағында боламыз. Қанша дегенмен, баланың аты бала ғой, көздi ала бере не iстеп қоярын бiлмейсiң. Бiр көршiмiздiң үш малы, ендi бiрiнiң екi қозысы түсiп кеттi. Әсiресе, жаңбырлы-қарлы күз-қыс күн­дерi жағдай қиындай тү­седi. Тiзеге дейiн батпақ­қа батқан балалардың мектепке барып-қайтуы басты мәселеге айналады. Оқушылардың күн са­йын киiмiн ауыстырамыз, ал аяқкиiмiн күнде ауыстыру мүмкiн емес қой. Жаздың өзiнде екi көлiк қатар сыймайтын көшенiң бiр бө­лiгiнiң шетi ой-шұңқырға, жарға жаяу адам құласа – майып, көлiкпен аударылса – мерт болуы әбден мүмкiн. Жаңбырлы күндерi тасқын су аулаға, қораға, тiптi үйге де кiрiп кетедi. Жетiмнiң күйiн кешкен бiздерге назар аударатын басшы бар ма, жоқ па, бiлмей қалдық... 

Қараусыз қалған цеп­тиктiң суы ернеуiнен асып, Келес суына құйылып жатқанына жылдан асты. Бiзден төмен тұратын елдi- мекендердiң тұрғындары осы суға шомылып жатады. Мұның барлығы адам денсаулығына зиян. Осы олқылық жөнiнде қанша жерге шағымданғанымызбен, әзiрге нәтиже жоқ. Өзен жағасын карьерге айналдырғандарға тосқауыл қоятын жан табылмай тұр. Соның салдарынан өзен табиғи ағысынан айныды. Анда-санда тиiстi құзырлы мекемелер рейд ұйымдастырады. Әрине, ол кезде барлығы қашып кетедi. Артынша қайтадан бiлгенiн iстейдi. Бiр кез­дерi осы жер көк­пеңбек болып, малымызға жайылым ретiнде пайдаланушы едiк, ендi шұрқ-тесiк карьерге айналды. Экологияны қолдан құртып жатырмыз. Мұны да айта-айта шаршадық. Көше аралап, жағдайымызды сұраған, кө­мек қолын соз­ған бiр шенеунiктi көрген емеспiз. Әйтеуiр, өзiмiз ортадан қаржы жинап, жол салып, шағал төседiк. Депутаттар сайланар кезде “ойбай, қатырамыз” деп уә­десiн бередi, депутаттыққа өткеннен кейiн қарасын да көрмеймiз. Аудандық мәслихатқа сайланған қазiргi депутатымыз Ерматулла Сыбанов үйiп-төккен уәдесiн орындауға асығар емес.
Қазығұрт аудандық әкiмдiгiнен жәрдем болмақ түгiлi жазған арызы­мыз­ға орай көшемiзге келiп, мән-жайды сұрастырған пенде жоқ. Халықтың мұң-мұқтажымен еш­кiмнiң шаруасы жоқ. Жа­уапты шенеунiктердiң ау­дан орталығындағы көшеге аяғы жетпей жатыр. Ең болмаса мәселенi түсiн­дiрiп, бiзден техника, сiз­дерден қаржы деген сияқты түйiндi тарқатудың ортақ жолын қарастырса, бiз де қарап қалмаймыз, қолдан келгенiнше жәрдем берер едiк қой. Аудандық мәслихаттың хатшысы, талай жыл аудан әкiмiнiң орынбасары болған Мұхтар Момынов тұратын көршi көше бiткен жерге дейiн асфальт төселген. Сонда бiз тоқалдан туыппыз ба? Ендi ғана құбырымыздан аққан ауызсудың да берiлуi өте сапасыз. Судың ең қажеттi жаз мезгiлiнде “қураймыз”. Сәл күн салқындай ма, су да сарқырай бастайды. Сонда бұл халықты келеке ету болғаны ма? Су жоқ кезде амал жоқ, құдықтың ащы суын тұтынамыз. Ащы су – бүйрек­тiң жауы.
 
Ұлжалғас Сарықұлова,
Елухан Әлiбекұлы, Смадияр Құсанов, Аманкүл Жәнiбекова және т.б.
Қазығұрт ауданы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті