1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №72-73 (15842-43) 12 қыркүйек, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
12 қыркүйек 2013
Балаларға бақша керек, алаяқтарға ақша керек

Аудандық мәслихат депутаттарының кезектi сессиясында депутат Оразкүл Шылмырзаева шиыршық атып, шаншудай қадалған шатақ мәселенiң шетiн шығарып, балабақшаларды ауыр сынға алған болатын. Оның айтуынша, қаптап кеткен балабақшалар жарым-жартылай жұмыс iстейдi. Балалар саны то­лық емес. Балабақша деген аты болмаса, стандартқа сай келмейдi, санитарлық талаптар сақталмайды. Ең қызығы, осындай сорақылықтарға қарамастан, мемлекет қаржысы құмдай құйылып, судай төгiлiп жатыр. Қайран халық қазынасы-ай де­сеңiзшi...

Депутаттың осындай шарасыздықтан қойған салиқалы сұрақтарына аудан қазынасының қақпағын ұстап отырған төрелер – қаржы бөлiмiнiң қызмет­керлерi жөндi жауап бере алмай, жер шұқылап қал­ғаны қайбiр жақсылықтың нышаны дерсiз. Бiрақ осындай олқылықтарға орын бермеуге тиiстi аудан әкiмiнiң “ақша тауып беру маған сын, iстей алмасаң саған сын” деп арқасын кеңге салып отыруының сырын әл-әзiрше ешкiм бiлмейдi.
“Жығылғанға – жұдырық” демекшi, аудандық мәслихаттың тағы бiр депутаты Асан Сатыбалдиев өзiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдаланып, бiрнеше балабақшаларға тексеру жұ­мыстарын жүргiзген. Қорытындысына қарасаңыз, қаныңыз қараяды. Депутат өз кезегiнде балабақшаларды ашып отырған жер­гiлiктi әкiмшiлiктер мен жеке тұлғалар тек пайда табу жолдарын ғана iздеп жүргенiн жалпақ жұртқа жария етiп те жiбердi. Ха­лық қалаулысының сөзi­нiң жаны бар. Депутаттың жанайқайынан түсiнгенiмiз, балаларға бақша керек, алаяқтарға ақша керек екен.
Мемлекетшiл депутат А.Сатыбалдиевтың тек­серiс­терiн ауыр қабылдаған кейбiр ағаларымыздың “кәсiпкерлерге кедергi келтiрiп жатыр” деп өре түрегелiп, аттан салуының астарын айтпаса да тү­сiнуге болады. “Крыша” болып жүрген кiсiлерге қиын ғой, әрине.
 Айтып айтпай не керек, жемқорларға жол ашып берген өзiмiз. Елбасы тапсырмасының осындай қаржылық қитұрқылықтармен iске асып жатуы, әрине, өкiнiштi-ақ
Махамбет Сапармұратов,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесi,
Мақтаарал ауданы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті