1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (15840) 5 қыркүйек, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
5 қыркүйек 2013
Имам сауатты болса, дiни адасу болмайды

22 тамыз (№66, 2013 жыл) күнi “Жас Алаштың” оқырман бетiнен қарағандылық Айша деген қызымның “Неге сонша дарақыланып кеттiк?” деген мақаласын оқыдым. Мақалада Айша әдет-ғұрыптарымыздың сақталмайтыны жөнiнде хат жазыпты. Осыған байланысты бiздiң елдегi жағдайды баяндап, ойымды бөлiскiм келдi.

Кеңес заманында ораза ұстап, намазын қаза етпеген талай кiсiнi өз көзiмiзбен көрдiк. Сондай-ақ ата салтымыз бен дәстүр-ғұрпымыздың қаймағы бұзылмай, қалтқысыз орындалушы едi. Өкiнiшке қарай, елiмiз егемендiгiн алып, еңсесiн тiктейдi деп күткенiмiзде, ұлтымыздың бас­ты құндылықтарынан ажырап, алыстап, адасып бара жатқандаймыз. Соның бiр дәлелi – аруақты шығарып салу ғұрпы. Бұл бiр ғана жайт қой. Түптеп келгенде, бай­қасаңыз, қазақтың салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпы соңғы 15-20 жылда өзгерiске түскенi сондай, шатысып кеттiк. Әр аймақтың дәстүр сақтауында ерекшелiгi болады, әрине. Алайда салт-сананың негiзгi түйiнi сақталуға тиiс емес пе?!
Көзi ашық, көкiрегi ояу, дiни iлiм-бiлiмдi жетiк меңгерген қазiргi молдамыз – Арыстан деген жас жiгiт. Араб тiлiн меңгерген, жан-жақты тәжiрибе алмасып, шыңдалған. Айтқан уағыздары да көңiлге қонымды. Соңғы уақытта ауыл халқы мәйiттi жөнелтудегi ысыраптан тыйылып, бұрынғы өз ғұрпымызды сақтауға көше бастады. Бұл да болса – ауыл имамының арқасы. Қайтыс болған кiсiге сойылған мал мен бетiн тырнап жылаудың түкке қажетсiзiн, қаралы үйде үш күнге дейiн қазан көтермеудi түрлi мысалдармен, уағыздармен жұрттың санасына сiңiру оңай емес. Бұл ретте молдамыздың атқарған ең­бегi ерен. Ауылымызда жаназа мәсе­лесi оң шешiмiн тауып, бейберекет­сiздiкке шектеу қойылған. Қаралы үйде қазан көтерiлмей, алыстан келген туыс-жекжат көршi-қолаңның үйiне түседi. Жыртыс пен мәйiттiң жабуын қымбат кiлем, матадан жасау дегендер қазiр атымен жоқ. Бұл ғұрыпқа байланысты басты ұстаным – аруаққа Құран бағыштап, Алладан оған рахым тiлеу. Артындағы тiрiлердiң осы әрекетi ғана қайтыс болған кiсiге септiгiн тигiзедi. Осыны ұққан ауыл жұрты баяғыдай көл-көсiр дастарқан жайып, алтын-күмiс таратпайды. Көршi елдi мекендер де бiздегi бұл жағдайды құптап, орындауға кiрiскен. Имамының бiлгенi мен түйгенi мол болса, қарапайым адамдар дiнiнен адасып, күнәға батпайды. Сондықтан әр ауыл молдаларын таңдағанда осы жағына жете мән бергенi дұрыс деп санаймын.
М.БАҚЫТҰЛЫ,
Құтарыс ауылы,
Сайрам ауданы,  
Оңтүстiк Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті