1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (15840) 5 қыркүйек, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
5 қыркүйек 2013
Қазақ журналистерiнiң де қолынан iс келедi!

Қазiргi газет-журнал дүңгiр­шек­те­рiне жақындасаң болды, қарап тұрып әйнегiнен де, iшiндегi сөрелерiнен де мұқабасы көздiң жауын алатын түрлi-түстi безен­дi­рiл­ген орысша журналдардан басың айналады. Құдай-ау, жан қажеттiлiгiне керектiң бәрiн табасың. Тақырыптары да сан алуан. Қамтитын салалары да әрқилы. “Шiркiн, осыларды қазақтар да шығара алады ғой, неге шығармайды?” деп қынжылатынмын. Өзiм тұрмысқа шыққаннан кейiн, “перзенттi болсам” деген арманның құшағында жүргем. Мұндайда ақыл-кеңес сұрай қоятын адамның жоқтығы да жаныңа батады. Жас болған соң, бiлмей­тiнiң шашетек­­тен екен. Жастық желiкпен жүре берiппiн. “Үйлену оңай, үй болу қиын” дегеннiң шет жағасын сезе бастаған соң ба, санамда тулап жатқан сан сұраққа жауап тауып болғанша, көңiлiм тыншымайды. Сөйтiп, “осы жаңа үйленгендерге өмiрлiк кеңес беретiн қазақ тiлiнде журнал болса ғой” деп жүргенiмде, аялдама қасындағы дүңгiр­шек­тегi көп журналдың арасынан “Бөпем” деген журнал өзiне бiрден тарта бердi. Көз тартқан себебi, мұқабасының сыртында күлiп тұрған сәбиiн көтерген жас, әдемi келiншек жымия қарап тұрды. Қызықтым. “Ертең мен де осылай бөпе көтерiп тұрсам” деген тәттi қиялмен әлгi журналды сатып алдым. Сатып алдым да парақтай бастадым. Мiне, тамаша! Менiң iздеп жүрген журналым – дәл осы екен. Тұрмысқа шыққан күннен бастап, бала көтергенге дейiнгi, бала көтергеннен кейiнгi, балалы болғандағы, одан кейiнгi, қой­шы, балаң сегiз жасқа келгенге дейiн­гi анаға және балаға керектi ақыл-кеңестер мен танымдық дүниелер бар екен. Сол күннен бастап ай сайын “Бөпемдi” сатып алатын болдым.

 “Басым ауырып, балтырым сыздай ма”, дереу журналды парақтаймын. Ондағы дәрiгерлер кеңесiне жүгiнемiн. Жүктi болдым. Өзiмдi қалай ұстаймын, қалай киiнемiн, қалай күтiнемiн? Бұл сұрақтарға да журналдан жауап таптым. Мен бұрын мән бермеппiн, бөпемiзге не керек, қандай күтiм, нендей қамқорлық, қай жасында қалай тамақтандыр­ған жөн, қалай дамыту пайдалы, ауыра қалса, қайтпек керек, бәрiн де осы журналдан бiлiп отырамын. Қызығам. Тiптi бала мен ананың қазақ халқы дәстү­рiн­дегi тәрбиесi мен күтiмi де үлкен сабақ екен. Байқағаным, “Бө­пемнiң” өз тақырыбы, өз бағыты, өз аудиториясы бар. Сонысымен ұтып тұрған секiлдi. Басқа тақырыпқа кетпейдi. Не нәрсе болса да жас ана мен сегiз жас­қа дейiнгi бүлдiршiндерге ғана байланысты жазылады. Оқырманын шатастырмайды да адастырмайды.
Мақсатым – “Бөпем” – елiмiз­де теңдесi жоқ журнал” деп мақтау немесе мадақтау емес, қазақ жорналшыларының да қолынан iс келетiнiн айту. Iзденсе, талпынса, елге не керектiгiн бiлiп алса, жазу да, көркемдеу де, тартымды етiп шығару да қолымыздан келiп-ақ тұр екен. 
Әлия АБАЙҚЫЗЫ,
Көкшетау қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті