1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (15840) 5 қыркүйек, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
5 қыркүйек 2013
Бар үмiтiмiз – облыс әкiмiнде

Арал шаһарының батыс жағындағы бұрынғы ұшақ алаңымен шектесiп жатқан, ұлы темiр жол бойында “Жалғыз ағаш” деген аты бар №86 бекетте 30 үй тұратын елдi мекен бар. Осыдан 5-6 жыл бұрын “су құбырын тартамыз, үйлерiңе кiргiзiп беремiз” деген аудан басшысы мен мекеме басшысының сөзi желге ұшты. Өйткенi ауыл тұрғындарынан жиналған миллиондаған ақшаны алғаннан кейiн... iзiм-қайым жоқ болды. Су құбырын жүргiзiп келе жатып, ауылға жарты шақырым қалғанда тоқтады. Сөйтiп, су құбыры бiзге жетпей қалды. Халықтың қуанышы да су сепкендей басылды. Айтар сылтаулары – су жоғары көтерiлмейдi, ағысы әлсiз. “Жүздеген шақырымнан келiп тұрған су ағысы дәл бiзге келгенде қалай жоғары көтерiлмейдi?” деген сауал туады. Әрине, бұған сену қиын.

Бiздiң ауылда 30-ға жуық үй тұрады. Әр отбасында кемiнде 3 адамнан бар. Сонда ауылда 90-нан аса адам өмiр сүрiп жатыр. Көбiсi – сол темiр жол бойында еңбек етiп жатқандар. Арасында өмiр бойы темiр жолдың ауыр еңбегiнен зейнетке шығып отырған еңбек ардагерлерi қаншама? Аудан iргесiнде тұрсақ та аудан басшылары келiп, ауыл жағдайын бiлгiсi келмейдi.
Президент Н.Назарбаевтың басты бағдарламасында “халықты ауызсумен қамтамасыз ету керек” деген. Және бұл мәселеге үлкен мән берiп, миллиондаған қаражат бөлсе де соны игермей, халықтың қалтасына қарап шешетiн мекеме басшылары мен аудан әкiмдерi қайда қарап отыр?..
Ендiгi бар үмiтiмiз – облыс әкiмiн­де. Сол кiсi мәселемiздi шешiп бермесе, жағдайымыз қиын...
 
Асқар Жұбанышов,
Арал қаласы,
Қызылорда облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті