1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №68 (15838) 29 тамыз, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
29 тамыз 2013
“Сен менi жақсы көрмесең де, мен сенi жақсы көремiн”

“Шын махаббат өмiрде бiр-ақ рет болады...” дейдi бiр сұхбатында белгiлi әншi Меруерт Түсiпбаева. Ал ендi мен өзiм бiлетiн, куәсi болған жастар арасындағы шынайы махаббатты әңгiмелеп берейiн.

Мен Сырдарияның жағасында орналасқан Ақсуат ауылында тұрамын. Ауыл адамдары бiр-бiрiн жақсы бiледi, етене таныс. Өзара дос-жаран, ағайын-туыс, құда-жекжат. Ауылда үйлену тойлары жиi болып тұрады. Жақында ауылда тағы бiр той өттi. Бұл той ерекше, шынайы махаббат тойы едi. Шынайылығы сол – үйленiп жатқан жастар кiш­кентайынан көз алдымызда өстi. Есейдi, ержеттi. Бiр мектепте, бiрiншi сыныпта екеуi бiрге оқыды. Бiр-бiрiне деген шынайы махаббаты мектеп партасынан басталған. Оны ата-аналары бiледi екен. Әлiмжанның төртiншi сыныпта сүйiктiсi Айнұрға жаз­ған тiлдей хатын кешегi дүрiлдеп өткен жастар тойы үстiнде көпшiлiкке оқып бердi. Онда: “Сен менi жақсы көрмесең де, мен сенi жақсы көремiн!” дептi.
Жоғары сыныптарда да сол алғашқы балалық сезiм шынайы махаббатқа ауысып бара жатты. Және бұл табиғи көрiнiс бүкiл адамдар арасында өтiп жатты.
Мектептiң соңғы сыныбында оқудан шығысымен Әлiмжан сүйiктiсiн үйiне дейiн шығарып салып, содан кейiн барып өз үйiне қайтатын. Жұбын жазбай, арман қуып, жоғары оқу орындарына да бiрге аттанды. Екеуi де грантпен дә­рiгерлiк академияға түстi. Ендi мiне, институттың соң­ғы курсында бас қосып, үйлену тойларын жасап отыр. Жастардың да өзiндiк қалаулары болады. Оған ата-ана да қарсы тұрмайды. Дегенмен мүм­кiндiгi болса, қай кезде де жастар арасында шынайы махаббат болып, құда-құдағидың, құда-жекжаттың етене таныстығына не жетсiн!..
Үйленген жастардың ата-аналары бiр ауылдың адамдары, тiптi бiр мектепте ұзақ жылдардан берi бiрге жұмыс iстеп келедi. Мұның да өзiндiк артықшылығы бар деп ойлаймын.
 
Мақсат ОРАЗҰЛЫ,
ардагер-ұстаз,
Қазалы ауданы,
Қызылорда облысы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті