1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №68 (15838) 29 тамыз, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
29 тамыз 2013
Аққу – құстың төресi

Мен тұратын Х.Ерғалиев ауылының айдыны – Боқсақ өзегi. Осы Боқсақта соңғы бес жылдың жүзiнде аққулар мекендеп, айдында жұбымен қалқып жүретiн болды. Бiлетiндердiң айтуына қарағанда, аққулар кез келген айдын, көлдерге қоныстанбайтын сыңайлы.

Өткен жылы үш жұп үне­мi Боқсақ өзегiнде қалқып, бiр шетi бұрынғы кеңшардың гаражы тұсына дейiн, бiр шетi ауылды кесiп өтетiн “Атырау – Астрахань” тас жолы бойындағы үлкен көпiрге дейiн жүзiп барып жүрдi. Бұл аралық шамамен екi шақырымдай болады. Сөйтiп, бой жазып, бастарын суға батырып, таранып жүретiн. Биылғы жылдың мамыр айынан бастап тек екi жұбы Боқсақта жылжып көрiнетiн болды. Оның да себебi бар сияқты. Өткен күздiң соңғы айларында бiр жұптың сыңары көрiнбей, үнемi жалғыз аққу жүзiп жүр­дi. Халық ау­зын­дағы сөз бойынша, ақ­қу­лар сыңарынан айырылса, өзiнiң өмi­рiн құрбандыққа шалады. Асылы, солай болған шығар, күз­дегi сыңар аққу биыл көрiн­бей қойды.
Аққудың махаббатындай берiк, ес­кiрмейтiн махаббат адамдарда да болса деп тi­лей­сiң ғой. Әрине, ондай махаббат баршылық. Мысалы: Қазақстанның Халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагерi Әзiлхан Нұршайықов пен жары Халиманың арасындағы жұбайлық өмiр. 60 жылдай махаббатқа берiк, сыйластығы сәндi болған. Өмiрлiк жары Халима дүниеден өткеннен кейiн рухы риза болсын деген болар я шынайы махаббаттың өмiрде болатынын жастар бiлсiн деген болар, кiтап жазып шықты. Сол сияқты, өзiмiздiң жерлесiмiз Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi, құрманғазылық Өмiрзақ Қажымғалиев та сүйiктi жарына арнап “Муслимат” деген кiтап жазған. Ерлi-зайыпты өмiрдiң қандай болу керегiн осы кi­таптарды оқығанда бiлесiң. Бұл кiсiлер бiр-бiрiне деген кiр­шiксiз iңкәр сезiмдi жұбайлық өмiрiнде аялап өткен, өмiрде махаббаттың барлығын дәлелдеген.
Аққуды құстың төресi дейдi. Құстың iшiнде – аққу, малдың iшiнде – жылқы, адамның iшiнде – әйел сұлулығына талас болмас. Аққуды атпас болар. Оны тек аялар болар. Табиғатты қор­ғайық, аққулар айдындарымызда қалқи берсiн!
 
Ибатолла СӘТЕНҰЛЫ,
Х.Ерғалиев ауылы,
Атырау облысы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті