1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №68 (15838) 29 тамыз, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
29 тамыз 2013
Дүние кезек...

...Бiрiншi әйелiме көрсетпеген құқайым жоқ. Табиғатынан өте жуас болатын. Оның үстiне ешкiмi жоқ жетiмдiгi де бас көтертпедi. Менiң едiреңдегенiм аздай, оны әке-шешем, қарындастарым да түртпектеп, әр iсiне мiн тағып отыратын. Темiр екеш темiр де тозады емес пе?! Әрқайсымыздан теперiш көрiп, шыдамы шегiне жеткен бiрiншi әйелiм үйден кетiп тынды. Бiрақ кетерiнде “мен де обалы бар Құдайдың пендесiмiн. Бұл қиянаттарың жазасыз қалмас” деп екi-ақ ауыз сөз айтты. Ол шақта оның сөзiне мән беру қайда, сөзiнiң ақырын айтқызбастан, желкелеп үйден шығарып жiбергенбiз.

Күш-жiгерiм тасыған жас кезiм емес пе. Әлi-ақ таңдап жүрiп өзiм ұнатқан жанға үйленемiн деп сендiм. Өкiнiшке қарай, күтпеген жерден өндiрiстiк жарақат алып, мүгедектердiң қатарынан бiр-ақ шықтым. Сөйтiп жүргенде әлдекiмдердiң таныстыруымен мәжбүрлi түрде бiр келiншекке үйлендiм. Бастапқыда әйелiм ашық-жарқын, үй тiрлiгiне пысық жандай көрiнген. Уақыт өте келе оның ниет-пиғылы қандай екенiн бiлдiм.
Кезiнде басымнан бiр сөз асырмай, әйелiме мен қоқаңдайтынмын. Ал қазiр екiншi әйелiм менi тырп еткiзбейдi. Туған-туыстарым үшiн бiздiң үйдiң есiгi әлдеқашан жабылған. Әйелiмнiң артынан ерiп келген қызы менiң бала-шағаммен сы­йыспай, ақырында үшеуi үш жаққа қаңғып кеттi. Таңның атысы, күннiң батысы жағы талмай сөйлейтiн қазiргi әйелiмнiң аузын жабу мүмкiн емес. Үйiмiзде айлап-жылдап жататын оның туыстары да, өгей қызым да менi адам құрлы көрмейдi, сыйламайды. Бұл қорлыққа көнбеске лажым жоқ. Себебi қазiр менiң ешкiмiм жоқ, жал­ғызбын. Бала-шағамның бiзден көңiлi қалғаны сондай, үйiмiзге аттап баспайды. Оның үстiне басымдағы жалғыз үш бөлмелi үйiмдi екiншi әйелiмнiң атына аударып берiп, өз балаларымды далада қаңғытқаным тағы бар. Қарындастарым қазiргi жеңгелерiне сөйлей де алмайды. Себебi келiншегiм келген кезiнде-ақ оларды “тәртiпке салып”, беттерiн қайтарып тастаған.
Қазiргi күйiме қарап отырып, мұның барлығы бiрiншi әйелiме көрсеткен қиянатымның жазасы деп бiлемiн. Ешкiмi жоқ жетiмдi жылатып, зәбiр көрсетiп, әбден қорлап едiм. Қазiр өзiмдi дәл солай екiншi әйелiм мен қызы қорлап, жылатуда. Өз бала-шағамды қаңғытып жiберiп, бөтен бiреудiң қызына жаутаңдап, бiр табақ көженi сұрап iшетiн бейшараға айналдым. Кезiнде әйелiмдi үндемейсiң деп соққыға жыққаным бар едi. Кешке дейiн зар қақсап, көп сөйлейтiн қазiргi бәдiк әйелiме қарап, өкiнiштен бармағымды шайнап жүрмiн. Ал ең бастысы, кiмге не iстесең, сол өзiңнiң алдыңнан бәрiбiр шығатынын мойындадым. Бұл өмiрде ешкiм де, ештеңе де жазасыз қалмайды екен.   
Дастан Қ.
Оңтүстiк Қазақстан облысы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті