1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №68 (15838) 29 тамыз, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
29 тамыз 2013
Алаяқтың шырмауына қалай түсiп қалдым?

Жақында мен жұмыс iстеп жатқан жерге бiр әйел кiсi келiп, өзiнiң барар жер, басар тауы жоқ екенiн айтып, зарлана бастады. Көбiмiз сендiк. Өзiм де қалаға ауылдан келгенмiн. Ауылдың аңғал адамында ешқандай арам ой жоқ екенiн бiлiп, менiң сенiмiме кiрiп алды. Сөйтiп, алаяқтықтың шырмауына қалай түсiп кеткенiмдi бiлмей қалдым. Әлгi әйелдiң есiмi – Айгүл. Әкесiнiң бұрын үлкен қызмет iстегенiн айтты. Өзiнiң Алматыдағы 7-шi қалалық ауруханада медбике болғанын да айтып өттi. Мен сендiм. “Әкем ертең қалаға сиыр етiн сатуға келедi. Соған рұқсат қағаз алуға 20 мың теңге керек” дедi. Сендiм. Бердiм. “Қалаға тiркелуге көмектесемiн” деп тағы 10 мың теңге сұрады. Тағы да бердiм. Сенесiздер ме, небәрi үш күннiң iшiнде менi тақырға отырғызып кеттi. Шыны керек, қалай алданғанымды өзiм де бiлмей қалдым. Үлкендер “Бiреудiң ала жiбiн аттама” деп айтушы едi. Жұрттың бәрiн өзiм секiлдi көрiппiн.

Менiң басымнан өткен бұл оқиғаны естiген таныстарымның iшiнен: “Өзiң кiнәлiсiң...” деп мысқылдағандар да, iшегiн тарта: “Ойбай-ау, есiң дұрыс па?..” деп таңғалғандар да болды.
Мұны “Жас Алашқа” жазып жатқан себебiм, жұмыс iздеп ауылдан келген iнi-қарындастарыма, бауырларыма “мен секiлдi ашықауыз болмаңдар және ешкiмге сенбеңдер. Ауылдан келгендер ауылдан келгендердi алдап соғады” деп ескерткiм келедi.
Әбдiлда ТӘҢIРБЕРГЕН,
Алматы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті