1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №56 (15826) 18 шілде, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
18 шілде 2013
Ауылдың әкiмiн ешкiм де елемейдi

Алдағы тамыз айында ауыл өмiрiнде өзгерiстер болмақшы. Ауылдарды ендi жаңа сайланған “нью әкiмдер” басқарады. Тағайындалған әкiмдердiң талайын көрдiк. Әкiм деген дардай аты болмаса, жаны бар қуыршақ дерсiз. Байғұстардың аудан мен ауыл арасында шапқылаумен-ақ күндерi өттi. Қашан көрсең, қағаз-қоқысты құшақтап жүргенi. Қол астындағы 5-6 қызметкерiнен басқа ешкiмге сөзi өтпейдi. Әжептәуiр жалақы алып, мемлекеттiң көлiгiн мiнiп жүргендерiне мәз. Ауылдағы мәселелердi шешуге қауқары қайдан болсын. Қазанның қақпағын ұстап, қазынаны шөмiшпен сапыратындар жоғарыда отыр. Ауыл әкiмшiлiгi “справочное бюро” қызметiн атқарғаннан арыға аса алмайды. Ауыл әкiмiн ешкiм елемейдi, бары да, жоғы да сезiлмейдi. Өз ауылдастарын мо­йындата алмаған әкiмдерден не үмiт, не қа­йыр?!

Ендi жаңадан сайланатын “нью әкiмдер” ауыл тiрлiгiнiң қиюын келтiре алса, құба-құп. Әкiмдердiң қолы ұзарып, сөздерi салмақты болады деп күтемiз. “Ақылды” Астананы көрiп, “ауру” ауылдарды аяйсың. Осыдан 20 жыл бұрын талан-таражға түсiп, тас-талқаны шыққан ауылдардың жағдайы оңала қойған жоқ. Басқасын былай қойғанда бiр ғана ауызсу жыры өткен ғасырдан берi айтылумен келедi. “Әпкеме жездем сай” демекшi, әбiржiген ауылдарға қолында мөрiнен басқа түгi жоқ әрекетсiз әкiмдердiң тап келгенiн қайтерсiз.
Болашақ ауыл әкiмдерiн аудан әкiмiнiң ұсынысымен мәслихат депутаттары сайлайды. Рушылдық, тамыр-таныстық, параның жүрмейтiн жерi жоқ. Ауыл болашағын ойласақ, ақшасы көп әңгүдiктер емес, ақылды, iскер, ұлтшыл, қайырымды адамдар ғана әкiм болуы керек. Бiрақ қазiргi жүйенiң жемқорланып кеткен томпақ тұстары таза сайлау өткiзуге кепiлдiк бермейдi.
Сондай-ақ, әкiм кiм болса да, сол ауылдың ауасын жұтып жүрген тұрғыны болғаны жөн. Ауыл адамдарының ұрттаған суы құрттаған болса, ол да сол суды iшсiн. Ауылда жарық болмаса, ол да қараңғыда отырсын. Ауыл өртенсе, Құдай сақтасын, ол да бiрге жанып кетсiн.
Әйтпесе, ауыл әкiмдерiнiң 70-80 пайызы қаладан не басқа жерлерден қатынап iстейдi. Ауыл тiршiлiгiнiң түйткiлдерiне мән бермейдi, жаны ашымайды. Басына түспеген соң қайдан бiлсiн...
Бiр кiсi Пайғамбарымыздан (с.а.с): “Егер патшаларыңыз әдiл болса, байларыңыз жомарт, қайырымды болса, бiр iстi бастағанда үлкендерден кеңес сұрап, жұмысты жұмыла атқарып жатса, онда жердiң үстi жақсы.
Егер патшаларыңыз әдiлетсiз болса, байларыңыз сараң һәм нәмарт болса, бiр қайырымды iстi бастағанда әйелдерден нұсқау күтiп жатса, онда жердiң асты жақсы” дептi.
Бiздiң айтайын дегенiмiз, ауыл-анамыз көркейiп, гүлденiп, абат мекенге айналып жатса, нұр үстiне нұр болар едi.
 
Махамбет Сапармұратов,
М.Шоқай атындағы орта мектептiң мұғалiмi,
Мақтаарал ауданы,Оңтүстiк Қазақстан облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті