1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №56 (15826) 18 шілде, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
18 шілде 2013
Әркiм өз баласын өзi баққаны дұрыс

...Балалар ғана емес, ана атанған мен де жетiмдiк көрiп жүрмiн. Тұңғышым ата-енемде қалған. Балалардың әкесi басқа жанға үйлендi. Иә, мен де қарап қалмадым, тұрмыс құрдым. “Бақыттысың ба?” деп сұрар жан болса, жан дүниемнен бiр ыстық жас ытқып шығары анық. Пайғамбар жасына келгенде әже атана алмай, өмiрiм өтiп жатыр. Жан балам Серiгiмнiң алғашқы сұрағы: “Неге менi тастап кеттiң?” болды.

Иә, балам, сүйген жанды бiр әйелге “бере” салдым. Бiрақ Алла көрiп тұр ғой, тұңғыш немерем Бану Се­рiкқызы дүниеге келгенде, перзентханаға қалай кiрiп кеткенiмдi, қызылшақаны көкiрегiме қысып-қысып ал­ғанымды қалай ұмытайын...
Мен секiлдi әже бақытын көре алмай, баланы да, әженi де тiрi жетiм етпеуi үшiн әркiм өз баласын өзi баққаны дұрыс.
 
Мәрия Сәрсенғалиқызы,
Алматы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті