1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №56 (15826) 18 шілде, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
18 шілде 2013
Елемесовке не үшiн, қандай еңбегi үшiн ескерткiш орнаттық?

“Жазыла-жазыла қожа-молдалардан ұят болды” деген екен баяғыда бiр қу тiлдi адам ауырып жатып. Сол сияқты, осы бiр әңгiменi қозғай-қозғай оқырмандардан да ұят болды. Айтпасаң тағы болмайды. Қай қаланы аралап келе жатсаң да, көше атауларының, көшедегi жарнама, маңдайшалардың қазақша болғанын қалайсың. Әрбiр мүйiсте ұлттық тұлғаларымыздың мүсiндерi тұрса дейсiң. Дұрыс түсiнiңiздер, бұл ұлтшылдық емес. Өз мемлекетiң болған соң, барлығы соның тiлiнде, соның болмысына лайық болғанын қалайсың. Айталық, көше атаулары Қазақстанға еш қатысы жоқ, бүгiнгi ұрпақ бiле бермейтiн бiреулердiң атында болады. Қоғамдық-көпшiлiк орындардың атаулары орысша немесе шетел тiлiнде және көбiне-көп ағылшын харпiмен жазылады. Осының барлығын көргеннен кейiн, көңiлiңдi кәдiмгiдей мұң басады. Өзiңнiң тәуелсiздiгiңе деген сенiмсiздiк пайда болады. Бұл жалғыз менiң ғана басымдағы жай емес...

Дегенмен Көкшетау бұл өңiрдегi басқа қалаларға қарағанда көш iлгерi. 140 мыңның ар жақ, бер жағында халқы бар шағын шаһардың бiраз көшесi қазақшаланып қалды. Сонау бiр жылдары, Кулагин облыс әкiмi болып тұрғанда, жергiлiктi ұлт жанашырлары К.Маркс атындағы көшенi Абайдың атына бергiздiк. Ендi осы көшенiң бо­йында хакiм Абайдың бiр тас мүсiнi тұрса, тiптi керемет болар едi. Бұл жөнiнде облыстық “Ұлт тағдыры – Ақмола” қоғамдық ұйымы әкiмдiкке бiрнеше мәрте хат жолдап, облыстық прокуратураның жанындағы саябақтан жер сұрады. Әрине, рұқсат бермейтiнi бесенеден белгiлi. Дегенмен облыстық прокуратураның жанында биылғы жылы Ғ.Елемесовтiң ескерткiш-бюстi бой көтерiп, салтанатты түрде ашылды. Кезiнде Қазақ ССР-iнiң прокуроры болған Елемесовтiң кiм екенiн кейiнгi ұрпақ бiле бермеуi мүмкiн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кезiнде бұл қызметте болған Елемесов жайлы көзiмен көрген адамдар жазады. Сол кезде ұлт мүддесiнен гөрi өзiнiң мансабы мен лауазымын жоғары қойған Камалиденов, Меңдiбаев, Елемесов және т.б. адамдар сын сағатта өз халқына сыртын бердi деп әңгiмелейдi оқиғаның ортасында болғандар. Қазақта “соңынан сөз ерген адам” деген түсiнiк бар. Елеме­совтiң мойнында кiсi қаны бар деп Құдайға күнәлi бола алмаймыз. Бiрақ соңынан сөз ертiп кеткен адам екенiн ел бiледi. Осы Елемесовтiң атында Көкшетауда көше де бар екен. Облыстық прокуратура өз ғимаратының бiрiншi қабатынан Елеме­совтiң мұражайын ашыпты. Бiзге түсiнiксiзi, оның Көкшетауға қанша қатысы бар, бұл жерге нендей еңбегi сiңдi, неге сонша дәрiптеп отыр? Әлде жоғарыда отырған бiреулердiң екпiнi ме?
Бүгiнгi Абай көшесiнiң ең басында, қаланың шетiнде Куйбышевтың ескерткiшi тұратын, оны қазiр алып тастады. Бiз әу баста Абай ескерткiшiн қоюға сол жердi сұрап едiк. Бiрақ қалалық әкiмдiктен ол араға мемлекеттiк рәмiздердi қоямыз деген жауап алдық. Бұл, әрине, сылтау. Әйтпесе қаланың қиыр бiр шетiне рәмiздердi қоя ма?
Сонымен, Көкшетаудан Елемесовке табылған екi шаршы метр жер Абайға бұйырмай тұр. Ендi Ақмола облысының жаңа әкiмi Айтмұхаметовтiң Абайға деген көзқарасы дұрыс болса екен деймiз.
 
Т.Қасенов,
Көкшетау қаласы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті