1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №52 (15822) 4 шілде, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
4 шілде 2013
Қайғыны бөлiссе, азаяды

Ерлан балам! Сенiң шаңырағыңды шайқап кеткен жан түршiгерлiк қайғыны естiп, менiң де екi көзiме мөлтiлдеп жас келдi, кеудеме өксiк тығылды. Жасым сексенге таяған шағыма дейiн мен мұндай асқан қатыгездiктi естiген де, көрген де жоқпын. Адамзат жаратылғалы бiр-бiрiн өлтiру оқиғасы болған. Бiрақ жүктi әйелдi, солқылдаған жас жiгiттi, бәрiнен де балауса екi бүлдiршiндi өлiмге қию, өлтiргенде де, атып емес, азаптап өлтiру қандай қатыгездiк. Мұндай қатыгездiк хайуанда да болмайтын шығар.

Ерлан балам! Түрлi ақпарат құралдарына берген сұхбатыңда етегiң жасқа толып, қайғыдан қан жұтып тұрып зарлана айттың. Жан даусыңды Құдай да естiген шығар, қанiшерлердiң жазасын Алла берер. Сенiң айтқан “төрт адамның өмiрiнен олардың ғұмыры артық емес, олардың жазасы – өлiм!” дегенiңдi қолдаймын. Менiңше, мұндай қылмыскерлерге ешқандай соттың, заңдық жазаның қажетi жоқ. Елдiң көзiнше аяқ-қолын керiп, дарға асып, азаптап өлтiру қажет.
Шәрбан МҰХАМЕДИЯҚЫЗЫ,
Жаңаарқа ауданы,
Қарағанды облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті