1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №52 (15822) 4 шілде, бейсенбі 2013
Оқырман хаттарын екшейтін Арайлым ЕРКІН
4 шілде 2013
Қонаев жайлы кино түсiрiлсе екен

Жасыратын несi бар, қазiр адамдар кiтап оқығаннан гөрi теледидар көргендi жақсы көредi. Сол көптiң бiрi – мен, өзiм де мүмкiн­дiгiн­ше теледидар көргендi ұнатамын. “Көкжалдар мекенiн” үзбей көрiп келемiн. Мiне, осы кинодағы түрiк актерлерiнiң шеберлiктерiне өте ризамын. Бiреулер кемшiлiгiн айтса, оларды терiске шығармаймын. Шынайы болса қолдаймын.

Осыдан 10 жыл бұрын “Қазақ әдебиетi” газетiне Абай өмiрiнен көп сериялы кино түсiрiлсе, қазақ елiнiң бiр ғасырлық өмiрiн көрсетуге болар едi деген шағын мақала жазып едiм. Өкiнiшке қарай, содан әлi нәтиже шықпады. Бiрақ қазақ киносында көктем лебi келiп, қазақы телесериалдар шыға бастады. Жетiлген ел тарихын тасқа жазып қалдырады демей ме?! Ал тозатын ел бiр күнгi қарнының тойғанын ойлайды. Өзiмiз күнде көрiп жүрген “Көкжалдар мекенiнде” Пекретби деген тамаша актер бар. Мiне, сол кiсi Қонаев атамыздың рөлiн ойнауға келiседi деп ойлаймын. Бiздiң кино түсiрушiлер атын шығарғысы келе ме, әйтеуiр АҚШ-тан актер шақыруға тым құмар-ақ. Осы ретте өткен ғасырдағы қазақ елiнiң жеткен жетiстiгiн көрсету үшiн әрi мемлекет қайраткерi Д.Қонаев атамыздың 100 жылдығына орай, осы кiсi жөнiнде көркем фильм түсiрсек дегiм келедi.
Төлеухан Бiдiрәлi,
Алматы қаласы.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті