1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
8 қазан 2015
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында ҰҚК-нiң аудандық бөлiмi бастығының орынбасары өз кабинетiнде ажал құшты. Жергiлiктi БАҚ “38 жастағы ер адам өз кабинетiнде атылып өлдi” деген ақпарат таратты. Оқиға қазанның 3-i күнi Қандыағаш қалашығында болған. ҰҚК қызметкерi есiк аузындағы күзетшiнi шылым әкелуге жiберген де, қызметтiк кабинетiнде табельдiк қарумен өзiн-өзi атқан.
6 қазан 2015

“Жас-Ай” медицина орталығының жетекшiсi Жасан Зекейұлы “Жас Алаш” газетiн 6 айға жабуды, моральдық өтемақы ретiнде журналистен, әйелiнен, қайын­ атасынан және “Жас Алаштың” оқырманынан – әрқайсысынан 100 миллионнан, барлығы 400 миллион теңге өндiрудi сұрап сотқа шағым түсiрдi. Газе­тiмiздiң биылғы мамыр айындағы 37-нөмiрiнде жарияланған “Академик отбасымен соттасып жүр” атты мақалаға байланысты ол осындай шешiм қабылдапты.

1 қазан 2015
Оқыс өзгерiс оқшау ойға жетелейдi
Екi айдың өлiара аптасы өзiндiк оқыс өзгерiсiмен оқшауланды. Онсыз да дау-дамайы дүмпiп тұрған “Серiктiң соты” басқасын балалатты. Уақыттың еншiсiнде қалған сот үдерiсiнiң өткенiне ой жүгiртсең, осыған көзiң айқын жетедi. Бастапқыда еңсесi езiлiп, екпiнi басылғандай бұйығылық байқатқан экс-премьер-министр Серiк Ахметов пен оның соттағы “серiктерi” бүгiнде қалжың қа­ғыс­тыратындай қараға жетiп қалған. Қаражаяу қалжың емес, астарында ажуа жатқан мiрдiң оғындай мысқыл. Әйтеуiр, бiр се­нiмдiлiк бар. Әлде, солай көрi­недi?..
1 қазан 2015
Атыраулық олигархтың «крышасы» кiм: Прокуратура ма, әдiлет департаментi ме?
Құқық қорғаушы белгiлi атыраулық олигархты рейдерлiк жолмен шетелдiк “Каспиан Салфа Компани” фирмасын тартып алды деп айыптайды. Ком­панияның жаңа қазақстандық қожасы бәрi заң жүзiмен болғанын айтады. Құқық қорғаушының үздiксiз шағымдануы нәтижесiнде тоқтатылған қылмыстық iстi Атырау облыстық прокуратурасы қыркүйектiң 14-i күнi қайта қозғады. 
1 қазан 2015
«Нұрлы көштi» сұрландырар заң жобасы

Былтырдан берi қаралып жатқан «Көшi-қон туралы» заңның кейбiр шикi тұстары өзгертiлмеген күйi қабылданып кетуi мүмкiн. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз жиынында түрлi ұйым жетекшiлерi мен азаматтық қоғам өкiлдерi мәлiмдедi. Жылдан астам уақыт бойы талқыланып, қаралып жатқан «Көшi-қон туралы» заңның жаңа нұсқасы шеттен келетiн бауырларды қуанта қоймасы анық. Өйткенi атышулы 46-баптың 9-тармағы өзгерiссiз қабылданар түрi бар.

1 қазан 2015
IIМ әкiмшiлiк полиция комитетi төрағасының орынбасары Бақытжан Балташев қызметiнен кеттi. Себеп – тентек ұлының жөнсiз қылығы. Өткен жексенбiде той керуенiнiң тiзiлген қымбат көлiктерi жұртшылықтың есiн шығарған. Олардың кейбiрi тiптi жол ережесiн өрескел бұзып, Қонаев көшесiмен терiс жүрген. Кейiн белгiлi болғандай, той иесi – IIМ әкiмшiлiк полиция комитетi төрағасының орынбасары Б.Балташев болып шықты.
29 қыркүйек 2015
Жалғандық жарға жығады
Сот залынан жазылған кейiнгi мақаланы “Күтейiк! Қызық алда сияқты...” деп аяқтаған едiк. Көп күттiрмедi. Тура Құрбан айттың қарсаңында қара басты. Бiрқатар БАҚ “былыққан” болды. Сәрсенбiнiң сәтiнде экс-премьер-министр Серiк Ахметов пен адвокаттар куәгерлерден жауап алу кезiндегi үзiлiсте кейбiр ақпарат агенттiктерiнiң сайты жалған деректер таратқаны туралы мәлiмдеме жасады.
24 қыркүйек 2015
Көп күттiрген куәгер
Заң бiткеннiң “майын iшкен”, алайда, соттың сөзiн де жүре тыңдайтын қаржы полициясының астаналық “мүйiзi қарағайдай” тергеушiсi Алексей Шевченконы айтамын. Осының алдындағы мақалада (“Қилы-қилы куәгер...”) оған қысқаша тоқталғанбыз. Тура бiр апта күттiрiп қара көрсеткен тергеушiнi адвокаттар мен айыпкерлер “жылыдай” қолға алды. Оларға судья Исламхан Есенбаев та қосылды.
22 қыркүйек 2015
Қилы-қилы куәгер...

Экс-премьер Серiк Ахметов пен оның “сыбайластарына” қатысты, қалың қазақ көз тiккен қылмыстық iстi қарап жатқан Қарағанды облысының қылмыстық iстер жөнiндегi ауданаралық мамандандырылған сотында талай куәгер тергелдi, әлi тергелiп те жатыр. Бiрақ олардың бәрiн бiрдей қамту мүмкiн де, мiндет те емес. Сондықтан, бiрнешеуiне байланысты қалам қарымын байқап көрейiк.

22 қыркүйек 2015
«БТР» түскен жерiне ауыр...
ТЕҢIЗГЕ БАТЫП КЕТКЕН ТӨРТ ЖАУЫНГЕРДIҢ ОБАЛЫ КIМГЕ?
Қазақстан мен Ресей “Центр-2015” деп аталатын әскери жаттығу өткiздi. Ресей әскерiнiң қолбасшылары бұл жаттығуды “жылдың ең ауқымды әскери маневрi” деп атапты. Ұжымдық қауiпсiздiк келiсiмi ұйымы (ҰҚКҰ) шеңберiнде ұйымдастырылған әскери жаттығудың негiзгi мақсаты – Орталық Азияда болуы ықтимал қарулы қақтығыстарды басу. Қазақстан, Ресей және ...Никарагуа Республикасы қатысқан жаттығулар қыр­күйектiң 20-сы күнi аяқталды.
10 қыркүйек 2015

Ұлттық экономика министрлiгi Парламент Сенатына “Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы” заңға өзгертулер енгiзу жөнiндегi жобаны таныстырды. Ұлттық экономика вице-министрi Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, Сенаттың халық­аралық қатынастар, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетiне таныстырған жоба бойынша заңға “мемлекеттiк органдарды жұмылдыру жоспары”, “әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi жұмылдыру жоспары”,

8 қыркүйек 2015
Қалалық соттың БҰҰ-мен iсi жоқ
Өзi қатыспаған митинг үшiн әкiмшiлiк сотқа тартылып, 20 тәулiкке қамалған азаматтық белсендi Ермек Нарымбаев өткен аптада сот шешiмiне наразылық бiлдiрiп, апелляциялық шағым түсiрген едi. Бiрақ апелляциялық шағымды қараған Алматы қалалық соты оны қанағаттандырмай тастады.
8 қыркүйек 2015
Қылмыстық iстегi қисынсыз кемшiлiктер
Сот залынан
Қыркүйектiң бастапқы күнгi сот отырысында Қарағанды қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлiк және автомобиль жолдары басқармасынан көшелерге жарық бағанын орнату үшiн мемлекеттiк тапсырыс қабылдаған “ГорСвет” кәсiпорнының қызметi қаралды. Тапсырыс қабылдағанда тұрған не бар?
1 қыркүйек 2015
Сұсты судья, күмiлжiген куәгерлер
Сот залынан
Өткен бейсенбiде азын-аулақ үзiлiстен соң сот отырысында төрт куәгер мен жәбiрленушi жақтың өкiлiнен жауап алу жоспарланған-ды. Жәбiрленушi жақ ретiнде бұған дейiн талап-арыз түсiрген Қарағанды қаласының әкiмдiгi қарастырылды. Ал куәгерлер прокурорлардың өтiнiшiмен шақырылды. Тек қана адалын айтуға ант-су iшкен куәгерлер қатарында бұрын аппарат жетекшiсiнiң орынбасары болған, бүгiнде Қарағанды облысы әкiмi аппаратын басқаратын
1 қыркүйек 2015
Маңғыстаулық мұнайшылар еңбек кодексiн өзгертпеудi талап етiп, президент пен премьер-министрге жолдаған хаттарына нақты жауап ала алмады. Жаңа жоба қабылданып кетедi деп алаңдаған мұнайшылар тобы Астанаға сапар шекпекшi. Бұған дейiн “Жас Алаш” шiл­денiң 31-i күнi Маңғыстаудағы 16 кәсiподақ ұйымы өкiлдерi қол қойып, президент пен премьер-министрге хат жолдағанын жазған болатын.
беттер:«12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20 / 21 / 22 / 23 / 24 / 25 / 26 / 27 / 28 / 29 / 30 / 31 / 32»