1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
10 қараша 2015
Үрей мен үмiт арбасқан үш ай
Шiлiңгiр шiлденiң аяғындағы алдын ала тыңдауды айтпағанда, экс-премьер Серiк Ахметов пен қарағандылық қалған қызметкерлерге қатысты қоғам көз тiккен соттың басталғанына бүгiн — тура үш ай. Айыпкер орындығында отырғандар ғана емес, олардың ет-жақындары да үрейден үрпиi­сiп, үмiтiн үкiлеген үш ай! Ендi қашанға созыларын кесiп айту қиын. Әйтеуiр, көбi кетiп, азы қалғаны анық. “Серiктiң соты” атанған осы оқыс оқиғаның айналасында айтылып жүрген
5 қараша 2015
Ж.Зекейұлының ар-намыс, беделiн қорғау, моральдық шығынды өтеу туралы талап-арызына
ҚАРСЫЛЫҚ
“Жас Алашты” не үшiн жазықты етпек болды? Iстiң мән-жайын түсiндiр­сеңiздер екен. Газетiмiздi қорғау үшiн бiз не iстеймiз? Осындай сауалдарымен, талап-тiлектерiн бiлдiрiп жатқан жанашыр көпшiлiкке мәселенiң мәнiсiн ашып айтқанды жөн көрдiк. Төменде iстi қараушы сотта келтiрiлген “қарсылықты” ықшамдап жарияладық. Мәртебелi судья! Сiздiң өндiрiсiңiзде қаралып жатқан азаматтық iс бойынша
5 қараша 2015

Бiз, Маңғыстаулық ақсақалдар, “Жас Алаш” газетiнiң жарты ғасырдан бергi тұрақты оқырмандарымыз. “Жас Алаш” алты Алашқа тарайтын, ақиқатты қалайтын қазақтың жоғын жоқтап, Алаштың арын арлайтын қазақтың бас газетiне айналды. А.Байтұрсыновша айтқанда, бұл газет “халықтың тiлi, көзi, Һәм құлағы” бола бiлдi. Сондықтанда бiз “Жас Алашты” асыға күтiп, тұшына оқимыз.

5 қараша 2015
«Талап-арызды негiзсiз деп санауыңызды сұраймыз»

Алматының Алмалы аудандық 2-сотында «Жас Алаш» газетiнiң үстiнен жазылған шағым бойынша сот отырысы өткен сейсенбi күнi жалғасты. Алдыңғы сотта газеттi қолдап келген азаматтарды кiргiзуге рұқсат бермей, сотты жабық өткiзуге әрекеттенген судья Айнұр Бейсеуова бұл жолғы процестiң ашық өтетiнiн мәлiмдедi. Сот отырысында екi тараптың талап-арыздары мен қарсылық шағымдары тыңдалды.  

3 қараша 2015
Бозымбаевты бопсаламақ болғандар сотталды

Қазанның 28-i күнi Павлодардағы ауданаралық мамандан­дырыл­ған сот облыс әкiмi Қанат Бозымбаевтан 500 мың АҚШ доллары көлемiнде ақша бопсалады деген айыппен тұтқындалған журналист Я.Голышкинке, мемлекеттiк қызметкер А.Бахралиновке, полиция майоры Ф.Алиясовке, кәсiпкер Н.Сүлейменовке қатысты үкiмiн оқыды. Сот барысында бұларға алдын ала келiсiп, аса үлкен көлемде ақша бопсалады және кәмелет жасқа толмағандарды ауыр қылмыс жасауға тартты деген айыптар тағылған.

3 қараша 2015
«Ойыннан» шыққан «от»
“Серiктiң сотында” металлургия және металөңдеу индустриалдық паркiне (ММИП) тазарту құрылғысын орнату кезiнде кеткен кемшiлiкке қатысты бейнебайланыс арқылы жауап берген алматылық куәгерлер арасындағы Ержан Орымбетовтiң сөзi осындай ойға жетелейдi. Егер оны қызметтен қуғанда жалақысын жырымдамай толық берсе, түк пәле жоқ екен...
28 қазан 2015
ҚЫЛМЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ АНЫҚТАМАНЫ ҚЫТАЙ БИЛIГI ЕШҚАШАН БЕРМЕЙДI
 ҚХР ең жоғары билiгiнiң органы саналатын “Рынмин Рыбао”(Халық газетi) 2015 жылдың 25 тамыздағы санының 11-бетiнде Қытайдың Қоғамдық қауiпсiздiк министрлiгiнiң осы жылдың 22 тамызындағы бұйрығына сiлтеме жасай отырып, ендiгi жерде Қытай қоғам қауiпсiздiк (iшкi iстер) тарауларының 18 түрлi шектен шыққан, сорақы анықтаманы(газеттiң төл сөзi) бермейтiнiн жариялады.
27 қазан 2015
Құнды құжат ...“қазақмыста” қайдан жүр?
“Металлургия және металөңдеу” индустриалдық паркiне (“ММИП”) тазарту құрылғысын орнату эпизодында бұл жолы құнды құжат — қатаң есепте тұратын №000368 баспабет (бланк) додаға түстi. Тергеушiлердiң түсiндi­руiн­ше, Серiк Ахметов жобада бекiтiлген және мемле­кеттiк сараптамадан өткен чехиялық жабдықтарды ана­ғұрлым арзанына айырбастауға рұқсат сұраған өтiнiштi құрылыс iсi және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөнiндегi агенттiкке өзi қол қойып, осындай баспабетпен жолдаған.
22 қазан 2015
«Бiз премьер-министрдiң өзiн тiзерлеткенбiз!»
Өткен аптаның жұмасында экс-премьер Серiк Ахметовтiң iсiне қатысты “ЮТЕКС” компаниясының қызметкерi Анар Мақсұтова сот тергеуiнде басынан кешкен жайды ақтарып салды. Куәгердiң сөзiнен қате кетпеуi үшiн әңгiменi аудиожазбаға сүйенiп жалғас­тырайық. — Тергеу жүрiп жатқанда менi қаржы полициясына шақырды. Маған бiрнеше рет қоқан-лоққы көрсетiлдi. Мен барлығына қысыммен қол қойдым.
20 қазан 2015
Алыпқашты әңгiме ме, әлде?..
Елдi елеңдеткен, қоғам көз тiккен “Серiктiң соты” ендi қаншаға созыларын кесiп айту қиын. Өзiм әу бастан болғанды бiрыңғай баяндай бермей, әйтеуiр, шама келгенше, оқиғаның өрбуiн шашау шығармауға ұмтылдым. Сот басталғалы күзет күш­­тi болды. Iшкi әскердiң жауын­герлерi ғимараттың төңiрегiн тышқан өтпестей қылып қадағалады. Бұрыш-бұрыш пен үйлердiң арасында тұрған ала киiмдi үшеу үндемей-ақ анау-мынаудың мысын басатын. “Мұндайды бұрын көрмедiк” деп, қарағандылықтардың өзi қайран қалды.
20 қазан 2015
Сот созылуға бет алды

Қазанның 15-iне белгiленген Ж.Зекейұлының 400 миллиондық моральдық шығын өндiруге қатыс­ты сот отырысы тағы да жалғасын таппады. Алматы қаласы, Алмалы аудандық №2 сотының ғимаратына жиналған “Жас Алаш” газетiнiң қол­дау­шылары мен жанашырларын жарты сағаттан астам күттiрген судья Айнұр Бейсеуова бұл күнгi сот отырысын Ж.Зекейұлынан түскен талап арыз­ға байланысты келесi аптаға шегеретiнiн мәлiмдедi.

20 қазан 2015

Жуырда ғана жемқорлық бабы бойынша айыпталған Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң бұрынғы төрағасы Мұрат Оспанов сот белгiлеген айыппұлды толығымен өтедi. Оның жалпы сомасы – 1 млрд.    101 млн. 60 мың теңге.     Бұл – өте үлкен қаржы. Қарапа­йым халықтың өңi түгiлi түсiне де кiрмейтiн ақша. Бiрақ экс-шенеунiк

15 қазан 2015
Куәгер және жәбiрленушi
Қарағанды облысының қылмыстық iстер жөнiндегi ауданаралық мамандандырылған соты экс-премьер-министр Серiк Ахметов пен қарағандылық басқа да шен-шекпендiлерге қатысты қылмыстық iстi қарауды облыстық соттың ғимаратында одан әрi жалғастыруда. Сот отырысы, кейде күлкiлi жағдай кездесетiнiне қарамастан, көңiл көтеретiн орта емес. Ол — үмiт пен күдiк арбасқан алаң. Адамның табиғатын таразылайтын бiрегей безбен.
13 қазан 2015
Бопсалауға қатысты сот ақиқатты аша ала ма?

Павлодарда облыс әкiмi Қанат Бозымбаевтан iрi көлемде (500 мың АҚШ доллары) ақша бопсалады деген айыппен тұтқындалған қалалық “Версия” апталығының редакторы Ярослав Голышкин, мемлекеттiк қызметкер Асқар Бахралинов, бұрынғы полиция қызметкерi Фарид Алиясов, кәсiпкер Нұржан Сүлейменовтерге қатысты сот процесi жүрiп жатыр.

13 қазан 2015

Кеше Алматы қаласы, Алмалы аудандық №2 сотында талапкер Ж.Зекейұлының 400 миллиондық моральдық шығын өндiруге қатысты сот отырысы басталмай жатып аяқталды. Судья келмес бұрын-ақ, оның хатшысы жауапкерлер мен талапкерден өзгелердiң сот залынан шығуын сұрады. Сондағы айтқан уәжi “судья келген соң ғана залға кiресiздер” болды. Қай заңның, қай тармағына сүйенгенi белгiсiз, осылайша судья Айнұр Бейсеуованың хатшысы ә дегеннен-ақ осылайша “жаңалық ашты”.

беттер:«11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20 / 21 / 22 / 23 / 24 / 25 / 26 / 27 / 28 / 29 / 30 / 31»