1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
8 желтоқсан 2015
Жалақор жазаланғаны жөн
Қазақ “Заманына қарай – амалы!” деген, қанатты қағида қалдыр­ған. Мұны бiреулер басқаша көпiр­те­тiн көрiнедi. Алайда “Серiктiң сотына” сәйкес­тен­дiрсек, “дамбалы” да, “адамы” да емес, “амалы” екенi айдан анық. Әйтпесе, қарша бораған қыруар қаражат кiмнiң қалтасында кеткенiн дә­лелдей алмай, елдi дүдә­мал күйге түсiрiп қойған Әлжан Ақмолдаевты, Думан Нұрбаевты және Ғұмар Рақымжановты айыптау жағы қылмыстық жауап­кер­­шi­лiк­тен босатуды соттан сұрай ма?
3 желтоқсан 2015

Осы жылғы наурыз айында Ұлттық экономика министрi Ерболат Досаев мемлекеттiк әлеуметтiк нысандарға қатысты жаңа ереже бекiткен едi. 212 нөмiрлi бұл ережеден кейiн мектеп, аурухана, әскери бөлiмдердегi асханаларды жалға алу-беру құны 9(!) есеге бiр-ақ шарықтады. Министрдiң әлеуметтiк нысандардағы тамақтану орындарын бұлайша қымбаттатуға арналған бұйрығы түрлi заң бұзушылықтармен қабылданған.

1 желтоқсан 2015
Ақиқат айтылғанда көп нәрсеге көзiң жетедi
Ақиқат айтылды ма? Бұл – бiз жауап беретiн сауал емес. Сараптайтын – судья! Өткен аптада “айыпкерлер айтысына” экс-премьер Серiк Ахметов соңғы нүкте қойды. Түсiнiктер тоқайласқан сөзжарыс сонымен сарқылды. Ендi жарыссөз басталады. Сосын үмiтiнен үрейi үстем үкiмнiң де төбесi көрiнiп тұр...
1 желтоқсан 2015
В.Козловтың өтiнiшi сотта қаралмақ
Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Берiк Бисен­құлов қамауда отырған саясаткер Владимир Козлов өзiн мерзiмiнен бұрын шартты түрде бостандыққа шығаруды сұрап, өтiнiш бiлдiргенiн мәлiмдедi. Тiркелмеген “Алға” саяси пар­тиясының бұрынғы жетекшiсi Владимир Козлов 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы кезiнде “әлеумет­тiк алауыздық туғызды” деген айыппен 7,5 жылға бас бостандығынан айы­рылған-ды. 
26 қараша 2015
Мас болса да бай баласы сотталмай ма?
ЖОЛ АПАТЫ БIР ОТБАСЫНДАҒЫ ТӨРТ БIРДЕЙ АДАМНЫҢ ӨМIРIН ҚИДЫ
Таяуда Шымкентте төрт бiр­дей жанның өмiрiн қиған жол апаты болды. Оқиға 22 қарашада Байтұрсынов кө­шесiнiң бойында болған. Қатты жылдамдықпен жолдың қарсы бағытына шығып кеткен “Lexus” көлiгi “Ауди 80” көлiгiмен соқтығысады. Соқтығыстың қатты болғаны соншалықты, “Джип” көлiгi “Ау­дидi” ондаған метрге дейiн сүйреп барған. Жол апатынан “Аудиде” отырған бiр отбасының төрт мүшесi қаза тапты
26 қараша 2015
Нұрқатова дауы жемқорларды тасада қалдырды

Ақтөбе облысы әкiмiнiң идеология жөнiндегi орынбасары Сара Нұрқатованың туған ұлы Максим Чаркин облыстық бiлiм басқармасының орынбасары, ал келiнi Алуа Қасымова жастар саясаты iстерi басқармасының орынбасары болып қызмет атқаратыны республика көлемiнде айтарлықтай шу туғызды. Облыстың әлеуметтiк саласына жауапты Сара Нұрқатова жергiлiктi журналистердi шақырып, ұлы мен келiнiн бiр айдан берi барынша қорғап бақты.

24 қараша 2015
«... Менiң әкем тiрi едi!»
Сот залынан
Қазiр түсiнiк берiп жатқан айыпкерлердiң тiрлiгi осыған ұқсайды. Экс-премьер Серiк Ахметов айыпкерлердiң ең соңынан жауап беретiнiн осының алдындағы мақалада жаздық. Ондай өтiнiштi ол жайдан-жай жасамағаны анық. Сiрә, өзiмен кiмдердiң “үзеңгiлес” болғанын тағы бiр безбендегiсi келген сыңайлы. Қазiр айыпкерлер үшiн сындарлы сәт, керек десең, кiмнiң кiм екенiн көрсететiн кезең. Себебi
19 қараша 2015
Айыпкерлер айтады...
Сот залынан
“Серiктiң сотында” айыпкерлер жауап бере бастады. Олардың ұзын-ырғасы — 21. Экс-премьер бәрiнiң жауабынан кейiн, ең соңынан сөйлейтiнiн бiрден айтты. Негiзгiлердiң қатарына жататын кейбiреуi қылмыстық iстiң күрделi әрi ауқымды екенiн алға тартып, дайындыққа уақыт сұрады. Мұнда ең “батыры” Бауыржан Әбдiшев болды. Көмiрлi қаланың кезiндегi “қожайыны”, қоршаған ортаны қорғау вице-министрi қызметiн атқарған,
19 қараша 2015
“Жас Алашты” 1949 жылдан берi жаздырып алып, үзбей оқимын. Мамандығым заңгер болғандықтан, “Жас Алаш” газетiн “батыраштар” мен “қотыраштардан” сот алдында қорғаған күндерiм де болды. Оқырмандардың заңға қатысты сауалына газет бетiнде жауап та бердiм. Осыдан бiраз жыл бұрын болған оқиға есiмнен кетпейдi. Адвокаттық қызметпен Оңтүстiк Қазақстан облысының Жетiсай ауданы, Есентаев ауылына бардым.
19 қараша 2015
Сейсенбi, қарашаның 17-сi күнi “Ж.Зекейұлының “Жас Алаш” газетiне, журналиске, оқырманға, қайын атасына, әйелiне қарсы берген талап арызы бойынша Алмалы ауданының №2 аудандық соты шығарған шешiмi туралы” деген тақырыпта баспасөз жиыны өттi. Жиынға қоғам қайраткерлерi, азаматтық қоғам өкiлдерi мен журналистер қатысты. Тiлшiлер тарапынан бе­рiл­ген сұрақтар соттың қалай өткенiмен байланысты қойылды.
17 қараша 2015
Жылыжай «жыры» екi аптаға созылды
Екi аптаға созылған Топардағы жылыжай “жырынан” кейiн “Серiктiң соты” ақырғы айналымын аяқтады. Барлығы 324 том қылмыстық iс қаралды. Егер күтпеген жерден кездейсоқ кедергi кездеспесе, ендi екi аптаның бедерiнде үкiм де шығып қалар... Бұл сотта байқалған бiр басты кемшiлiк – куәгерлердiң қатысуын қамтамасыз ету болды. Айып­керлер мен адвокаттардың айтуынша, олардың ең қажеттiсi келмей (30%) қалды.
17 қараша 2015
Қайын атасын ашық майданға шақырып...

Қарашаның 13-i күнi Алматыдағы Алмалы аудандық 2-сотында Жасан Зекейұлының “Жас Алаш” газетiне қарсы шағымы бойынша сот процесi аяқталды. Сот шешiмiмен “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбайға, тiлшiсi С.Мәдиге, газет оқырманы Қабен Мұқанұлына, Гүлия Әлиханқызы мен оның әкесi Әлихан Әбiлбекке жалпы сомасы 40 миллион теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ “Жас Алаш” газетiне Жасан Зекейұлы туралы жазылған мақаланы терiстеу де мiндеттелдi.

12 қараша 2015
Адамдар дағдара бастады...

“Жас Алашым” соттасып жатыр” дегелi дегбiрiм қалмай, жатсам да, тұрсам да ойланып жүрмiн. Қайран, “Жас Алашым” менiң! Кiмдермен соттасып, кiмдермен айқаспадың? Бұл жолы кiмдердiң көлеңкесiн басып кеттiң екен? Бiрақ сенiң жалтақтап, жалтармайтыныңды, жағымпазданбайтыныңды, шындықтың бетiне тiке қарайтыныңды бiлсем де, артыңда сан мыңдаған оқырманыңның тұрғанын, олардың да сенiң тiлеуiңдi тiлейтiнiн айтқым келедi.

12 қараша 2015
Қарсы талап-арыз бердi

10 қараша күнi Алматы қаласы, Алмалы ауданындағы №2 сотта “ЖасАй” медицина орталығының жетекшiсi Жасан Зекейұлының талап-арызына байланысты сот отырысы өттi. Бұл жолғы процесте талапкер тарапы “Жас Алашта” жарияланған “Академик отбасымен соттасып жүр” атты мақалаға қатысты жасалған сараптамасын ұсынды. Сонымен қатар сот отырысында жауапкерлер тарапынан Ж.Зекейұлына қарсы талап-арыз жасалды.

12 қараша 2015
Ақырғы айналым
Қылмыстық iстер жөнiндегi ауданаралық мамандандырылған соты үш айдан берi айналдырған “Серiктiң соты” мәреге жақындап келедi. Ол өткен аптада Топар жылыжайы жайлы соңғы эпизодты қарауға кiрiстi. Эпизодтары екшелгендерге жауап беруге дайындалуды ескерткен судья Исламхан Есенбаев сот үдерiсiнiң ақырғы айналымға шыққанын аңғартты. Сосын заттай айғақтар зерттеледi, жарыссөздер жалғасады. Одан әрi үкiм шығарудың да ауылы алыс емес...
беттер:«10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20 / 21 / 22 / 23 / 24 / 25 / 26 / 27 / 28 / 29 / 30»