1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
19 сәуір 2016
Жалпы саны 520 томдық iске жүк болған, 23 адамның үстiнен қозғалған қылмыстық iстi қарау ендi көпке созылмайтын секiлдi. Соттың алғашқы күнi-ақ 23 айыпталушының 14-i қылмыс жасағандарын мойындап қойды. Басты айыпталушы Талғат Ермегияев қылмыс жасамадым дедi. Сәуiрдiң төртiнде басталған сотта айдың ортасына дейiн он шақты айыпталушы сөйлеп, оның бәрi Талғат Ермегияевқа қарсы айғақтар бердi. Ерме­гияев­тiң өзi өзге айыпталушылардан соң сөз 
14 сәуір 2016
«ТРИБУНА» ҰЖЫМЫ БҰҒАН ЖАУАП РЕТIНДЕ «ПЕРУАШЕВКЕ ҚАЙЫРЫМ ҚЫЛ!» АКЦИЯСЫН БАСТАМАҚ
Ақпараттық кеңiстiкке шыққан 3,5 жылдың iшiнде “Трибуна” газетi билiктiң қудалауын аз көрген жоқ. Жарық көргенiне бiр жыл толар-толмаста Алматы қаласы әкiмшiлiгi ойдан құрастырылған себептермен газеттiң жұмысын 3 айға тоқтатты. Алайда редакция ұжымы қысымға қарамастан, тiркеуден өткен бас­қа газеттiң көмегiмен,
5 сәуір 2016
Маңғыстау облысының прокуроры Дастан Сартаевтың назарына
Президент жыл сайын жарғақ құлағы жастыққа тимей жолдау жасап, онда кәсiпкерлерге ерекше қолдау керектiгiн айтып жатса да, Ақтауда оны құлаққа iлмейтiндер бар. Қаланың ортасындағы “РусКаз” базарының қожайыны Юрий Волков солардың қатарынан.
31 наурыз 2016

Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаевтың үстiнен қозғалған қылмыстық iс бойынша ақпараттандыру және байланыс комитетiнiң төрағасы Талғат Қазанғап пен комитеттiң бұрынғы төрағасы Болат Қалиянбеков ешқайда кетпеу туралы қолхат бердi. Бұған дейiн, өткен аптада сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлерi “Матаевтың iсiне” қатысты ақпараттандыру және

31 наурыз 2016
Әдiлеттiлiк үшiн күресу керек
Алматы қаласының апелляциялық алқасы азаматтық белсендiлер Ермек Нарымбаев пен Серiкжан Мәмбетәлиннiң жазасын жеңiлдетiп, сот залынан босатты. Қаңтардың 22-сi күнi Алмалы ау­дандық сотының судьясы Марал Жарылғасова Е.Нарымбаев пен С.Мәм­бетәлиндi ҚР Қылмыстық кодексiнiң 174-бабы 1-тармағы бойынша кiнәлi деп тауып, оларды сәйкесiнше үш және екi жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесiп, бес жылға дейiн қоғамдық қызметпен айналысуына тыйым салған едi. Ендi
29 наурыз 2016

Атыраулық полицей Манарбек Өтеуов қалалық iшкi iстер басқармасының лауазымды тұлғаларын өзiн қылмыс жасауға итермеледi деп айыптап, облыстық iшкi iстер саласын “қызмет бабын пайдаланып кәсiпкерлерден ақша бопсалайтын бизнес орталық, жезөкшелерден салық иеленетiн орын” деген шулы мәлiмдеме жасаған едi. Ол өзiнiң Өзбекстан азаматы Дмитрий Кимдi басшыларының тапсырысымен өлтiргенiн мойындап, марқұмның және өзiнiң ата анасы мен туған-туысқандарынан кешiрiм сұраған.

25 наурыз 2016

Қазақстан Журналистер одағының төрағасы С.Матаевқа тағылған айыпқа қатысты дау-дамай әлi жалғасып жатыр. “Мемлекет қаржысын жымқырды әрi салық төлеуден жалтарды” деп айыпталған С.Матаевты қорғау шаралары ел аумағымен ғана шектелiп қалған жоқ. Сонымен бiрге Еуропарламент депутаттары мен 50-ден астам халықаралық журналистiк ұйым қолдау көрсетiп, ел президентi мен бас прокурорына хат та жолдаған болатын.

17 наурыз 2016
Алаштың айтулы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлының сөзiмен айтсақ, газет – халықтың көзi, құлағы һәм тiлi. Қоғамдағы кез келген жанды жара газет бетiнде көрiнiс табады, әдiлетсiздiк әшкереленiп, шындық жария етiледi. Ал жауырды жаба тоқып үйренген ресми билiк бұған, әрине, мүдделi емес. Атқамiнерлердiң айтқанына қарасаң, Қазақстан қой үстiне бозторғай жұмыртқалаған алтын ғасырда өмiр сүрiп жатыр.
15 наурыз 2016

Е.Нұралиев, (төрағалық ету­шi): Бүгiнгi сот мәжiлiсiнде апелляциялық шағым түсiр­ген, Алматы қаласы Алмалы аудандық 2-сотының 13 қараша 2015 жылы шығарылған шешi­мiнiң заңдылығы қаралмақшы. Аталған сот шешiмiне iс бо­йынша апелляциялық шағым берген жауапкер тарапының өкiлдерi Меруерт Тұрлыбекова мен Рысбек Сәрсенбайдың қолы қойылған шағым қаралады...

15 наурыз 2016
АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМ
ҚР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 332 және 335-баптарының тәртiбiмен берiлген
Алматы қаласы №2 Алмалы аудандық сотының
2015 жылғы 13 қарашадағы №2- 8736/15 азаматтық iске қатысты шыққан сот шешiмiне
15 наурыз 2016
Экс-премьер Серiк Ахметов пен оның “серiктерiне” қатысты былтыр төрт ай бойы қылмыстық iс қаралған “Серiктiң соты” туралы “Жас Алаш” жүйелi түрде жан-жақты жазды, 26 мақала жариялады.  Он жылға кесiлген экс-премьерден басқа он адам әртүрлi мерзiмге бас бостандығынан айырылды. Алтауы шартты жаза арқалады. Бiреуiне ақшалай айып салынды. Тергеумен “тiл табысқан” үшеуi сот залынан ақталып шықты.
15 наурыз 2016
Адвокаттар Матаев iсiн тоқтатуды сұрамақ

Кеше Алматыда Сейiтқазы Ма­таев­ты қорғау жөнiндегi комитет оның iсiндегi жаңа фактiлер мен заңбұзушылықтарды баяндап, баспасөз мәслихатын өткiздi. Жиынға қатысқан С.Матаевтың адвокаттары Андрей Петров пен Мәдина Бакиева бас прокурор Асхат Дауылбаевқа Жем­қорлыққа қарсы күрес жөнiндегi ұлттық бюро төрағасының орынбасары Талғат Татубаевтың үстiнен қылмыстық iс қозғау жөнiнде өтiнiш түсiргенiн мәлiмдедi. Оған себеп – аталған ведомство орынбасарының ақпарат құралдарына берген сұхбатында тергеу материалдарын жария еткенi.

15 наурыз 2016

Әртүрлi деңгейдегi шенеунiктерден, құқық қорғау органдарынан, билiк басындағы партия – “Нұр Отаннан”, соттардан әдiлдiк таппай, тауы шағылып барар жерi қалмаған адам не iстейдi? Жасыратыны жоқ кейбiреулерi қатты күйзелiстен өздерiне қол жұмсауға дейiн барады. Биiк үйлерден құлау, өзiн өртеу сияқты жантүршiктiрерлiк алабөтен оқиғалар да ұшырасып жатыр.

8 наурыз 2016
Қалалық сот та “Жас алашты” жығып бердi

Оқырман құлағдар болуы тиiс, “Жас Алашты” сотқа сүйрелеу өткен жылы басталған. Жасан Зекейұлының “ар-намысыма нұқсан келтiрдi” деген желеуiмен 2015 жылдың 13 қарашасында Алматының Алмалы аудандық соты жауапкер тарапты 40 миллион теңге айыппұл төлеуге мiндеттеген. Оның iшiнде “Жаса Алаш” газетi, басылымның бас редакторы және “Академик” обасымен соттасып жүр” мақаласын жазған журналистен бөлек, тағы екi адам бар.

3 наурыз 2016

Астананың Сарыарқа аудандық соты “Арқанкерген” уақытша шекара бекетiнде қаза тапты делiнген жа­уынгер Денис Рейдiң анасы Татьяна Рейдiң 370 млн теңге талап еткен шағымын қанағаттандырудан бас тартты. Татьяна Рейдiң адвокаты Серiк Сәрсенов Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен (ҰҚК) және ҰҚК шекара қызметiнен, бас прокуратурадан 370 миллион теңге (бiр миллион доллардан астам) моральдық шығын төлеудi талап еткен едi. 

беттер:«7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20 / 21 / 22 / 23 / 24 / 25 / 26 / 27»