1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
9 маусым 2016

Иманғали Тасмағамбетов күнi кешеге дейiн БАҚ бетiнен көрiнбей кеттi. Маусым айының басында өткен  KADEX-2016 көрмесiне қатысқаны жайында, 7-8 күндерi Қытайдың қорғаныс ведомствосының басшысы Чан Ваньцюанмен және Ресей Қорғаныс министрi Сергей Шойгумен кездескенi жөнiнде ресми мәлiмет бар. Бiрақ бiрде-бiр телеарна бұл кездесулер жайында ақпарат таратып, Қорғаныс министрiнiң жылт еткен бейнесiн көрсет­педi. Тiптi мамыр айында “Тасмағамбетов үй­қа­мақта екен” деген әңгiме де туған. Дегенмен бiз мұның бiрiне де тоқталғымыз жоқ. Айтпағымыз – мүлде басқа мәселе.

7 маусым 2016
Ермегияев ісі және «соңғы сөз»

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының қаржысын талан-таражға салды деп айыпталған Талғат Ермегияев өткен аптадағы сот отырысында соңғы сөзін айтты. Өзіне тағылған айыптың бірін де мойындаған жоқ. Кезінде қоластында істеген адамдардың бірқатары оған қарсы куәлік жасаса, енді бірқатары табан тіреп, ақтап келе жатқанын жұрт білуі тиіс. Үкім санаулы күннен соң шығады.

2 маусым 2016
Гүлнәр Жуаспаева, адвокат: адам Құқы өрескел бұзылды

21 мамыр билiк үшiн өткен күннiң есебiнде. Алайда жазықсыз қамалып, кiнәсiз жапа шеккендер үшiн олай емес. Адвокаттар арасында сол күнгi сұрқиялықты айыптап, халықтың құқын қорғауға бел шеше кiрiскендер бар. Солардың бiрi – Гүлнәр Жуаспаеваға бiрер сауал қойған едiк.

26 мамыр 2016
“Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаевқа қатысты қылмыстық iс қайта өзгертiлдi”, – деп хабарлады “Әдiл сөз” сөз бостандығын қорғау қоры. “Аса iрi көлемде бюджет қаражатын жымқырды” деп айыпталып жатқан ҚР Журналистер одағының төрағасы С.Матаевтың iсi “лауазымы арқылы сенiмдi асыра пайдаланған” деген басқа бапқа өзгертiлдi. “23 мамырда Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметiнiң
26 мамыр 2016
Азаматтардың құқын аяққа таптап әлем алдында ұятқа қалды
Жер комиссисы мәжiлiсiнде “жер сатылмасын”, сондай-ақ, “жоқ, сатылсын”деген ұсыныстар болған көрiнедi. Шамасы, сату жағындағылар басымдық көрсетсе керек, комиссия мүшелерi жердi қалай сату керектiгi жайында ойласыпты. Жердi сату үдерiсiн кiм жүр­гiзедi, сонау өкiлет берiлген қызметкер қандай жердi қанша көлемде сата алады деген мәселелер талқыланған сияқ­ты.
26 мамыр 2016
Демократиямыздың сиқы осы...
Қазақта атам заманнан берi “жер дауы”, “жесiр дауы” сияқты талас-тартыстар орын алғанымен, олардың бәрi әдiл би, қара қылды қақ жаратын бiлiктi қазылардың әр даудың дұрыс-бұрысын ақыл таразысына салу арқылы әдiлеттi, оң шешiмiн тауып отырған. Қазiргi, қағаз жүзiндегi тә­уел­сiз, демократиялық, құқықтық та, зайырлы мемлекетпiз деп жария­ланған елiмiздегi жер дауы ушығып, бүкiл әлемнiң назарын өзiне аударып отырғаны анық.
26 мамыр 2016
21 мамырда адам құқы өрескел бұзылған
Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында өткен баспасөз жиынының “21 мамырдағы ұстау кезiндегi азаматтардың, құқық қорғаушылар мен журналис­тердiң құқығы бұзылғаны туралы” дейтiн атауы қандай ұзақ болса, танымал құқық қорғаушылар келтiрген заңсыздықтар мен бассыздықтардың тiзiмi де сондай ұзын-сонар. Олар Конституциядан бастап, Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодекстiң қандай баптары өрескел бұзылғанын жiпке тiзiп бердi.
26 мамыр 2016
21 мамыр күнi Сары­арқа кинотетарының артындағы саябақта “Ардагерлер ұйымы” республикалық қоғамдық бiрлестi­гiнiң Әуезов ауданы бо­йынша филиалы салауатты өмiр салтын насихаттауға бағытталған iс-шаралар өткiзуi тиiс едi. “Спорттық шараға келi­ңiз” деп шақырту алған адамдар iлби басып “күн көсем” бастаған бiр­не­ше адамның тас мүсiнi топтасқан алаңға беттеген.   Бiрақ мұздай қаруланған күштiк құрылымның өкiл­дерi саябаққа баратын жолға саптай тiзiлiп тұ­рып алыпты.
24 мамыр 2016
Кiм кiмдi соттады?

21 мамыр күнi “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбай мен құқық қорғаушы, азаматтық белсендi Маржан Аспандиярова ауыл шаруашылығы жерлерiн сатуға және шетелдiктерге ұзақ мерзiмге жалға беруге наразы болған халықпен бiрге болу үшiн, Алматыдағы орталық алаңға бет алды. Абай даңғылы мен Фурманов көшесiнiң қиылысында оларды өзге азаматтармен бiрге әдеттегiдей билiк өкiлдерiнен полиция күтiп алды.

19 мамыр 2016
“Рұқсат етiлмеген жиынға келген әрбiр адам үшiн ұйымдастырушылар, сiздi шақырғандар емес, анығында жоғарғыдағылар, бесiншi колонна 50 доллардан 150 долларға дейiн алуда. Бұл – әшейiн бизнес. Сiз, сiздiң достарыңыз оны бiлмейдi, ең бастысы олар сiзге қалай шығу керектiгiн бiледi. Сол үшiн төлейдi. Өте алыс жақтан төлеп жатыр – басқа, бiздiң тағдырымызға бей жай қарамайтын елдер... Өкiнiшке қарай, мен асыра сiлтеп отырғаным жоқ.
12 мамыр 2016
Тәртiп «сақшылары» кiмдi кiмнен қорғамақ болды?

7 мамырда Алматыда митинг өткiзу жөнiндегi ұйымдас­тыру комитетi жер мәселесiне қатысты мораторий жариялануына орай, аталған бейбiт жиынның өтпейтiнiн мәлiмдеген. Белсендi азаматтар халықтың наразылығын ескерiп, райынан қайтқан билiктiң бұл қадамын құптады және мұны “халықтың, отаншылдық сананың жеңiсi” ретiнде бағалады. Сонымен қатар, елдiң тәуелсiздiгiне, аумақтық тұтастыққа, ұлттық қауiпсiздiкке залалын тигiзетiн заңды қайта қарау талабы әлi

21 сәуір 2016
Елiмiзде заңға бағынғысы келмейтiн, тiптi заң қызметкерлерiнiң өзiне айбар шегiп, қоқан-лоққы жасайтын мықтылар аз емес. Солардың бiрi жақында Жол полициясы қызметкер­лерiнiң қолына түстi. Алматы-Талғар тас жолының бойында ереже бұзып, назарға iлiккен 19 жасар жiгiт 4 сағат бойы құжатын көрсетпей полицей­лер­дiң ығырын шығарған. Онымен қоймай, аузына кел­генiн айтып, балағаттаған.
21 сәуір 2016
28-дiң жеңiсi

Бiздiң қоғамда заңнан хабары аз қара халық түгiлi, баптарды бақайшағындай шағатын заңгерлердiң өзi билiгi барлардың көзi көрмес, құла­ғы естiмес Фемидасының құрбанына айналып жатқанда елең етерлiк жағдай болды. Бұл оқиғаның төркiнi “Астана ЭКСПО-2017” компаниясының iстi болған бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтен басталады. Мемлекет ақшасын жымқырды деген айыппен үй қамауында отырған Ермегияевтiң көлiк жүргiзушiсi

21 сәуір 2016
Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаевтың iсi бойынша өте­тiн сот барысы туралы ақпаратты iрi шетел­дiк бұқаралық ақпарат құралдары таратпақшы. Мұндай мәлiметтi осы аптада Алматыда өткен баспасөз мәслихатында “Дат” жобасының жетекшiсi Ермұрат Бапи мәлiмде­дi.
19 сәуір 2016
«Құпияны жариялады» деп соттаған едi
БҰҰ-ның адам құқықтары жөнiндегi комитетi журналист Рамазан Есiркеповтiң арызына байланысты басқаша шешiм шығарды
Қазақстан ендi Халықаралық пактiнiң бес бiрдей бабы – 9 (5), 14 (1), 3 (б), 3 (д), 19 (2) бойынша азаматтық және саяси құқықтарды бұзған ел ретiнде танылды. Алматыда баспасөз мәслихатын ұйымдастырған құқық қорғаушылар Евгений Жовтис, Тамара Калеева, Розлана Таукина және Бақытжан Төреғожина бұл шешiмдi
беттер:«6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20 / 21 / 22 / 23 / 24 / 25 / 26»