1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
1 қараша 2016
Рақымшылық күтсең, кешiрiм сұра

Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына орай Қазақстанда соттал­ғандарға рақымшылық жасалмайтын болды. Билiк алдағы уақытта мұндай тәжiрибеден бiржола бас тартпақ. Қазақстанның iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов ресми түрде кешiрiм сұрағандардың ғана бостандыққа шығуы мүмкiн екенiн мәлiмдедi.

1 қараша 2016
Шенеунiктер ұсынған өзгерiстер ненi көздейдi?
Қазақстанның IIМ аңшылық мылтық иелерiнен басы артық қаруды тартып алуды ұсынуда. Қазiр заң бойынша бiр адамның он аңшылық қаруын сақтауға құқығы болса, шенеунiктер ұсынған өзгерiстер қабылданған жағдайда бұл сан төртке қысқарады. Құзырлы орган басшылары мұндай шара елдегi қылмыс деңгейiн төмендетiп, террорлық шабуылдардың санын азайтуға себiн тигiзедi деп санайды.
1 қараша 2016
Атыраудағы №2 қалалық соттың аядай залында Макс Боқаев пен Талғат Аянға қатысты сот процесiнiң өтiп жатқанына жарты айдан асты. Ұлттық қауiпсiздiк ко­ми­тетi қызметкерлерi жүргiзген сотқа де­йiнгi тергеудегi алынған жауаптар мен сот тергеуiндегi жауаптар арасындағы айырмашылық кейде жер мен көктей. Оның қай­сыбiрiн iстi жүргiзушi судья да рас­тады. Материал аудармаларының сапасы нашар әрi дұрыс еместiгiне шағымданған адвокаттар тергеу материалын сот қа­рауынан алып тастауды талап етумен келедi.
27 қазан 2016
Жұмысшылар берген жауаптарынан бас тартты
Атырауда Боқаев пен Аянның сотында куәлiк еткен “Болашақ” мұнай өңдеу зауыты мердiгер компанияларының жұмысшылары жауаптау хаттамасына таныспай қол қойғандарын жария еттi. Прокурордың өтiнiшiн қабылдаған судья iстi жүргiзген тергеушi мен жауапталған куәларды беттестiретiнiн айтты. Адвокаттар куәларға қысым жасала ма деп күдiктенедi.  Бұған дейiн сот залына келуден бас тартқан Макс Боқаев пен Талғат Аян дүйсенбiден берi сот отырысына қай­та қатыса бастады.
27 қазан 2016
Таңатаров өлiп кеттi
...кiм алдап соққанын бiлу мүмкiн емес
24 қазанда Ақтөбе мамандандырылған қылмыстық сотында маусым терактiсiне байланысты сот басталды. 18 қазанда алдын ала тыңдау бастала бере 10 минуттан соң судья Ахметқали Мол­­дағалиев айыпталушыларға бұ­рылып, микрофонды өшiрiп тастады.
27 қазан 2016
Мұндай “бұзақылармен” мақтануымыз керек!
Өткен аптаның соңында, 23 қазан күнi Алматыда 5 қоғам белсен­дiсiн полиция көшеден ұстап әкеттi. Сол күнi кешке Алматының ауданаралық әкiмшiлiк соты бес белсендiнiң iсiн қарап, үшеуiн он тәулiкке қамауға шешiм шығарды. Құрал Медеуов, Асхат Берсалимов және Сүйiндiк Алдабергенов есiмдi азаматтар “бейбiт жиын, митинг, шеру өткiзу тәртiбiн бұз­­­ғаны” үшiн 10 тәулiкке қамалды. Ал Әсел Мақсұт пен Ақерке Әбi­шеваға ескерту жасалған.
25 қазан 2016
Алматы көшелерiнде лаң сал­ған атышулы Руслан Күлiкбаев­тың негiзгi соты кеше басталды. Бұ­ған дейiн алдын-ала сот тыңдаулары жүргi­зiлгенi хабарланған да едi. Жа­уапкердiң өте ауыр қылмыс жасағаны ескерiлiп әрi оның дойыр мiнезi белгiлi болғаннан кейiн алдын ала тыңдау да, кеше басталған сот та тергеу-оқшаулау абақтысында өтiп жатыр.
25 қазан 2016
Астана қаласының Алматы аудандық соты Бердiбек Сапарбаевтың моральдық шығын өндiру туралы Айдын Егеубаевқа қатысты арызын жартылай қанағаттандырды. Өйткенi ол өзiнiң нұқсан келген ар-намысының өтеуiн 5 млн теңгеге бағалаған. Ал сот айыпкерден 100 мың теңге өндiру жөнiнде шешiм шығарды. Сот А.Егеубаевтың 2016 жылдың 10 шiлдесiнде “www.уоutube.соm” бейнепорталында Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауданына қарасты жалпы көлемi 87 437 гектар жер­дi 2010 жылдары
20 қазан 2016
Шейхтар үшiн шабылатын қаулы шығарды
Вице-премьер бастап облыс әкiмдерi қоштап оларға құрақ ұшып қызмет көрсетуi керек
10 қазаннан бастап Бiрiкен араб әмiрлiгi мен Катар елдерiнен келген шейхтарға Оңтүстiк Қазақстан облысында дуадақ аулауға рұқсат. Арабтар қазақ жерiнде бой жазып, көңiл көтерiп, саятшылықтың қызығын көруiн анау-мынау емес облыстың әкiмдерiнiң өздерi қамтамасыз етуi тиiс. Үкiметтiң осы жөнiндегi қаулысында солай деп жазылыпты.
20 қазан 2016
«Қалауыңызға қарай қараңыз». Дұрыс-бұрысын қайдам, “На Ваше усматрение!” деген орысшаны осылай қазақшаладым. Әдетте бұл сөз сотта прокурордың аузынан жиi естiледi. Заңдылықты қадағалайтын орган қызметкерiнiң олай құлдық ұруы келiспейдi-ақ! Ал, ондай әдет сотқа дейiн, тергеу кезiнде орын алса ше? Онда заңың “зар илеп қалды” дей бер! Бiр мысал.
20 қазан 2016
Осы аптаның дүйсенбiсiнде көмiрлi қаланың Қазбек би атындағы №2 аудандық соты аяқтаған азаматтық iстi осылай десек әбестiк бола қоймас. Өйткенi оның жаңғырығы былтыр желтоқсанда жерiне жеткен қылмыстық iсте жатыр. Бұл жолғы азаматтық iс Қарағанды қаласының әкiмi Нұрлан Әубәкiровтiң талап-арызы негiзiнде қозғалды. Оның пайымдауынша, сыртқы жарық бағанын айырбастау кезiнде жұмсалған материал мен көрсетiлген қызметтiң құны қымбаттатылған.
20 қазан 2016
Жалғандыққа жол бермес үшiн айыпталушылар куәлермен бетпе-бет жауаптасуды талап еттi
Бүкiл ел назар аударып отырған Макс Боқаев пен Талғат Аянның соты кеше де жалғасты. Бiрақ айыпталушылардың қатысуынсыз өттi. Өйткенi Макс Боқаев денсаулық жағдайына және қойған талаптарының орындалмауына байланысты наразылық келтiрiп, процеске қатысудан бас тартты, сотқа келмедi. Ал Талғат Аян өзiне қарсы куәлiк берушiнiң жауабын онлайн арқылы тыңдаудан бас тартып, наразылық бiлдiрдi, залдан шығаруды сұрады. Судья оның залдан шығуына рұқсат бердi.
20 қазан 2016
Бұл кiм үшiн керек?
Айталық, Атырауда қазақ жерiнiң тұтастығы үшiн азаматтық ұстанымдарын бiлдiрiп, алаңға шыққан Макс Боқаев пен Талғат Аянның соты өтiп жатыр. Маусым айындағы Ақ­төбеде болған лаңкестiкке байланысты сот 18 қазанда басталды. Айыпталушылар – 29 адам. “Алматы атқышы” атанған Руслан Күлiкбаевтың соты бұдан бiр күн бұрын бас­талған едi. Басында 14 қыркүйекке белгi­ленiп, кейiн әртүрлi себептермен кейiн шегерiлген “әйел сабағыш” Бақыт Есентаевтың да соты 18 қазанмен тұс­па-тұс келдi.
20 қазан 2016
100 мың доллар берген адам алған адамды танымайды
18 қазан күнi Атыраудағы Макс Боқаев пен Талғат Аянның сотындағы басты куәлардың бiрi – Н.Досанбаев пен О.Бекбауов сотталушылардың қатысуынсыз жауапталды. Сот мәжiлiсiнде Боқаев­тың ден­сау­лық жағдайына және Аянның өтiнiшiне байланысты бiр­неше мәрте үзiлiс жарияланды. Таңертеңгi 10-да басталған сот процесi сотталушылар мен олардың адвокаты және iстi жүргiзушi судья мен прокурорлар арасындағы қызу таласпен өттi.
18 қазан 2016
Пак пәк пе?
Жалған лаңкестiк жөнiнде айыпталып, қаладағы Қазбек би аудандық соты №86 мектептiң мұғалiмi Юрий Пакты екi жылға бас бостандығынан айыруға үкiм шығарғанына екi жұмаға жуықтады. Бiрақ белгiленген жаза төңiрегiн­дегi талас-тартыс толастайтын түрi жоқ. Тергеу тобы 2015 жылы 14 сәуiрде Қарағандының Орталық әмбебап дүкенiне мина қойылғаны туралы өзiнiң ұялы телефонынан “112-ге” хабарлап, дүниенi дүрлiктiрген Юрий Пак дегенге табан тiредi.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20 / 21»