1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №88 (16274) 2 қараша, бейсенбі 2017
2 қараша 2017
Бишімбаевтың соты басталды

Он ай бойы тергеу ісі жүріп, жұрттың есінен енді шыға бастаған кезде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа өтіп, тілшілер қауымы сот отырысынан ақпарат беруге белсене кірісіп кетті. Әрине, бұл іс ең алдымен күдікке ілінген ірі лауазымды тұлғаларымен және елімізге белгілі қайраткерлердің ұлдары болғанымен де өзгелерден ерекшеленіп тұрғаны анық. Бірақ экс-спикер, қазіргі депутат Қабибулла Жақыповтың ұлы Аслан қолыммен істегенді мойныммен көтеремін дегендей сот алдына басын иіп келсе, экс-мәжілісмен Уәлихан Бишімбаевтың ұлы Қуандық кінәсін мойындамақ түгіл, ұлттық бюро қызметкерлерінің өзін айыптап шықты.
«Байтерек DEVELOPMENT» АҚ басқарма басшысының бұрынғы орынбасары Аслан Жақыповқа Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша «пара алу» айыбы тағылған. Бірақ Жақыпов прокурорлармен келісімге келуге ниетті. Ол өзі ұсталған 2016 жылдың 17 қарашасынан бері кінәсін мойындап, толық куәлік етіп келеді. Жақыповтан бөлек, кінәсін мойындап, прокурорлармен келісімге келуге ниет еткен тағы төрт айыпталушы бар. Ал Қуандық Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Оған және жанындағы 22 адамға «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынған үйлердің құрылысын жүргізуге байланысты компаниялардан ірі көлемде пара алды деген айып тағылған. Бұл бойынша қылмыстық іс 250 томға жеткен. 23 айыпталушының әрқайсысында кемінде екі адвокаттан бар. Бишімбаевтың адвокаты барлық айыптаулар негізсіз деп, қылмыстық істі тоқтатуды сұраған болатын. Бірақ судья оның талабын қанағаттандырмай тастады.
Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында өткен алдын ала тыңдаудан кейін экс-мәжілісмен Уәлихан Бишімбаев (суретте) тілшілер алдында өз ойын айтты. «Менің ойымша, әр адамның құқы сақталуы керек. Президент заңның үстемдігі туралы үнемі айтып келеді. Яғни заң бұзылмауы тиіс... Мейлі, ол есепші болсын, басқа да қарапайым қызметкер болсын ол заңды бұзса, жауап беруі керек. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің тергеушілері де мұндай жағдайда жауапкершілікті сезінуі қажет. Қалған істің бәрін сот шешеді. Біз соттың әділдігіне сенеміз», – дейді ол.
Қалай айтса да, бұл істе Қуандық Бишімбаев «қорғанудың ең тиімді тәсілі – шабуыл» дегенді дұрыс көрген сыңайлы. Ол үміті ақтай ма, жоқ па, оны енді уақыт көрсетеді.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Марат | 6 қараша 2017 02:58
1.Суретте Уәкең емес,Қуандықтың өзі.2.Бұл баланың әлдекімдердің бақай есебінің,кландар арасындағы тартыстың құрбаны екендігіне сенеміз,неге сенбеске.3.*Бағлан да сондай құрбандықтың бірі ретінде шалынды *-деп санаймын өз басым.Өсетін жастарды аяқтан шалып,қырқып түсіру емес,керісінше қолтықтан демегендері жөн еді.*Ақталады,ал жала жабушылар әділ жазасы мен бағасын алар *-деп сенеміз,үміт етеміз әлбетте.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар