1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №88 (16274) 2 қараша, бейсенбі 2017
2 қараша 2017
Полковник бес жылға сотталды

Алматыда қылмыстық топқа қолдау көрсетіп отырған Әуезов АІІБ-нің бұрынғы басшысы Бақыт Қасабековке байланысты сот үкімі шықты. Осы жазда Алматыда ҰҚК мен ІІМ бірлесіп арнайы операция жүргізіп, ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері мен белсенді мүшелерін және полиция полковнигін ұстаған болатын. Сөйтіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында олардан едәуір көлемде атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.
Б.Қасабековтің қолына кісен салынған кезде әлеуметтік желілерде оның Алматыда жер дауына байланысты алаңға жиналған халықты қуып таратуда өте белсенділік танытқанын айыптап жазған болатын. Енді, міне, қой терісін жамылған полковниктің айыбы дәлелденіп, темір тордың ар жағына өзі тоғытылды. Бақыт Қасабеков «Пара алу», «Қызметтік бабын асыра пайдалану» баптары бойынша айыпталғанымен, қыркүйектің ортасында кінәсін мойындау бойынша келісімге келіпті. Сөйтіп, сот шешімі бойынша Бақыт Қасабеков кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып бес жылға сотталды. Сонымен қатар ол мемлекеттік органда қызмет істеу құқығынан өмір бойына және полковник шенінен айырылды.
Іс материалдары бойынша, Қасабеков Әуезов АІІБ-нің басшысы болып тұрған кезде, 2016 жылдың сәуір және мамыр айларында қылмыстық топтың басшысы Зайнаудиновтен қолдау білдіру үшін 2 миллион теңге көлемінде пара алған.
Қалай айтсақ та, білдей аудандық полиция басшысының қылмыстық топтармен ауыз жаласып, соларды қызғыштай қорғап жүргені ең алдымен жұрттың құқық қорғау органдарына деген сеніміне селкеу түсіріп, ішкі істер министрлігінің абыройын айрандай төккені анық. «Балық басынан шіриді» деген, осыдан кейін полицияның ақ тер, көк тер болып қылмыскерлермен алысып-жұлысып жүргені де жай ғана көзбояушылық па деп қалады екенсің...
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар