1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №86 (16272) 26 қазан, бейсенбі 2017
26 қазан 2017
Мұратхан Тоқмәди: ТӘТІШЕВТІ АТҚАН – МЕН

КТК телеарнасы көрсеткен «Оны Мурка деп атайтын» атты кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди туралы деректі фильмнің екінші бөлігінде Тоқмәди Тұран Әлем банкінің төрағасы болған Ержан Тәтішевті Мұхтар Әблязовтің тапсырысымен атып өлтіргенін өз аузымен айтады. Осылайша 13 жыл бұрын болған қылмыстық оқиғаның жаңа беті ашылғандай. Бұл жаңалық жұрт арасында әжептәуір талқыланып жатыр. Дегенмен «бопсалау, қару және оқ-дәрі, жарылғыш заттарды заңсыз алу, сақтау, беру» бабымен айыпталып, жақында ғана үш жылға сотталған Мұратхан Тоқмәдидің қырық жылғы қылмыстарын қазбалап, тізбелеп елге жария етуі кімге керек болғаны белгісіз. Әрине, қырық жыл түгіл, мың жыл өтсе де, қылмыстың аты – қылмыс. Оны еш нәрсемен ақтау мүмкін емес. Дегенмен КТК телеарнасы қалай түсіргені белгісіз, Тоқмәдиге арналған бұл фильмнің ар жағында шым-шытырық, қым-қуыт, бізге беймәлім қараңғы әлем жатқандай.
Ержан Тәтішевтің қазасы бойынша қозғалған қылмыстық іс кезінде Тоқмәди күдікті ретінде ұсталғанымен, сот қылмыстық іске «мылтық өзінен-өзі атылып, соның кесірінен Тәтішев оқыс жағдайда қаза тапқан» деген шешім шығарып, Мұратхан Тоқмәди ақталып шыққан еді. Енді, міне, арада 13 жыл өткенде ұмытыла бастаған қылмыстың беті ашылғандай. Деректі фильмде сөйлеген адамдардың сөзі рас болса, Тәтішев пен Әблязовтің арасы жақсы болмағанын, екеуі жиі сөзге келіп жүргендерін айтысады. Ол кезде Әблязов бірінші рет істі болып сотталып, президент Н.Назарбаевқа кешірім хат жазып, соның нәтижесінде енді босап шыққан еді. Сөйтіп, банкке қайта оралғысы келген Әблязов Тәтішевпен тіл табыса алмаған. «Соңғы рет Мәскеу әуежайында Әблязов пен Тәтішев қатты сөзге келген» дейді фильмдегі сол кездің куәгерлері. Осы кездесуден соң, бір күннен кейін Тәтішев аңға шығып, қаза болады. Қасқыр қуып бара жатқанда оның қасында оққағары және Тоқмәди болған екен. Фильмде Тоқмәди сол күнгі қанды оқиғаның қалай болғанын тәптіштеп айтып береді. Бір қызығы, фильмде БТА банкінің бұрынғы топ-менеджері, қашқындағы олигархтың бұрынғы қызметкері Жақсылық Жармұхамедов Әблязовтің Тәтішевті жақтырмағанын, онысын тіпті ашық айтып отыратынын айта келіп, «Тәтішевтің өлімі Әблязовқа ғана тиімді болды» дейді. Фильмде Тәтішевтің қазасынан кейін Әблязов Тұран Әлем банкіне келіп, Тәтішевтің кабинетінің есігін бұзып кіріп, оған тиесілі заттардың бәрін шығартып, бос кабинетке өзі жайғасқаны айтылады. Осылайша деректі фильм Тоқмәдидің қанды қылмысты ерікті мойындауын көрсетіп, тапсырыс беруші Әблязов екенін де анық аңғартады. Бұдан шығатын қорытынды қандай болмақ дегенге келсек, Мұратхан Тоқмәдидің кісі өлімі бойынша айтқан сөздері негізінде Тәтішев ісі қайта көтеріліп, Тоқмәди мен Әблязовтің үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Мұны бір деңіз. Екінші бір мәселе – 13 жыл бұрын Тәтішев ісін тергеген тергеуші, судья, экспертиза жасаушы орын осы іске қатысты және басқа да тұлғалар жауапқа тартыла ма, жоқ па? Логикаға салсаңыз, күдіктіні ұстап тұрып, оны ақтайтын шешім шығарған судья, тергеуші, прокурор – бәрі де заң алдында жауап беруі тиіс. Тоқмәди тергеушіге және экспертиза жасаған жекеменшік компанияға 20 мың АҚШ доллары көлемінде ақша бергенін айтады. Демек, іс ауырлай түседі.
Тоқмәдидің ашылып сайрауын көрген жұрт Тәтішевті Мұратхан Тоқмәди өлтіргенін сол кездің өзінде-ақ бәрі білген, тек тергеу ісі мен сот қана білмейді дегенге саятын пікірлер жазып жатыр. Бұған қарап біздің қоғамда сот пен құқық қорғау орындарына деген халықтың титтей де сенімі қалмағанын көруге болады. Яғни кісі өлтірушінің өзін ақтап алатын сот жүйесі мен тергеу ісі бар елде әділдік дегеніңіз тек арман ғана болмақ. Оның үстіне Тоқмәдидің ашық мойындауы елдегі сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының онсыз да жер болып тұрған беделін біржола жерлегендей.
Он үш жыл бұрынғы қанды қылмыстың беті ашылып, қылмыскердің өзі кісі өлтіргенін телеарна арқылы мойындауы – төтенше іс. Іздің бәрі Әблязовқа апарып тұрғанымен, мұндай қитұрқысы мен шырмауы, түйіншегі көп қараңғы істер кланаралық «соғыстардың» өршіп тұрғанынан да ептеп хабар берсе керек. Егер осы жолмен қақтығыс жалғаса берсе, бір-бірін жарға итеру үшін билік ішіндегі кландар әлі талай жұмбақ оқиғаның шешуін өздері-ақ жайып салмасына ешкім кепілдік бере алмайды. Тіпті көрнекті мемлекет қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлы мен Заманбек Нұрқаділовтің де жұмбақ өлімдерінің құпиясы күндердің күнінде ашылуы ғажап емес.
 

Таңатар ТАҒАН

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (10)
қонақ | 26 қазан 2017 15:56
Кімге сенеріңді білмейсің? біресе былай дейді, біресе былай дейді
Қызылордаолық Балталы Төлеген | 26 қазан 2017 17:50
Өй өңшең сорлы,ақымақтар!Мен бұл теңеуді Бас прокуратурада отырғандардың барлығы нағыз ақымақтар болғандықтан айтып отырмын.Бұл ақымақтар"экономикалық қылмыспен"пешшінің"қолын Әбіләзовке жеткізе алмады.Енді"Мурканың Тәтішовты Әбіләзовтың айтуымен өлтіруі"бойынша Интерполға Әбләзовты"бұл әнім бұрынғы әннен өзгерек.Бұл"адам өлтірген әні"деп"заказ"береді.Сосын"Интерпол ұстап бізге береді"деп""нұркөсемді"алдарқатып қойған шығар.Өй кемістер.Басқаша ойлауға ақылдары жетпейді.
Халық | 26 қазан 2017 21:05
Айналып келгенде аблязовты қаралау.тоқмадиді тығырыққа тіреп,жалған сөйлеуге мəжбүрлеп отырғандығын халық біліп отыр.нұрқаділов өзін үш рет атып өлтірді деген өтіріктен кейін халық билікке сенбейді.
арманшыл казак | 26 қазан 2017 22:22
иа биздин биликтегилердин ойлап тапкан амалсымактарына не дерсин уакыт келер бариде ашылатын аблазовты каитсем каралаймын деп тыраштанган сорлылар оздерине де али кун келер барине жауап беретин
икс | 27 қазан 2017 09:31
Біздің елде не керектің бәрі бар, тек дұрыс басқарушылар жоқ қой. "Біреулерде ұят бар, біреулерде ұяттан басқаның бәрі бар" - дегендей...
Зико | 27 қазан 2017 10:21
Дұрыс айтасыз... Біздің елде əділдік жоқ! ПОЗОРМЫЗҒОЙ..
Қызылордалық Балталы Төлеген | 27 қазан 2017 11:27
Әбіләзов қасқыр жігіт екен.2002 жылдары"жас түркілер" "ш-ң" тағын сықырлатып, ӨЗІ"кіш"етіп қоя жаздап, Алтекеңді атқызды, Жақияновты түрмеге тықты.Қалғандары"ш-ң"қолын сүйіп,иіліп жәутең-қыңсылаумен к..не кіріп еді.Тек Әбіләзов сынбады. Сонан"ш"бастаған шағал-пағалдар,орыс-орман,хохолы бар әйтеуір бәрі"мені ұрлап кетті"деп шуылдады.Әбіләзов бәрін бір-бір теуіп"ұлардай шулатты".Енді,қайтсе де Әбіләзовты"ш-ға" алып келу үшін"адам өлтірді"деп тағы шулауда.Не деген СОРЛЫЛЫҚ!
ИВАН | 28 қазан 2017 16:14
13-жыл өткен соң Мұратханның аяқ--астынан ұяты оянып қылмыстарын мойындаған ба? Алтынбектің,Заманбектің қазасында қайта тергеу басталатын шығар деп үміттемін.
Тоқтар | 29 қазан 2017 21:23
Әблязовты қаралау үшiн қойылған "қойылым" мұның бәрi. Сенуге болмайды.
Төре | 30 қазан 2017 09:18
Тоқмәди Тұран Әлем банкінің төрағасы болған Ержан Тәтішевті Мұхтар Әблязовтің тапсырысымен атып өлтіргенін өз аузымен айтады. Айтпағанда ... Біздің Рахым атамызды халық жауы деп 18 жылға соттағанда, НКВД жендеттері "қыл" бұрау салып істемеген нәрсесін мойнына алдырыпты... Оның қалай жасалатынын маған көрсеткен еді. Сонда айтқаны: Қалай екен? Туған шешеңді сатып жібересің. Кинода ғана шыдай алады. Түрмеде жоқ!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар